Моя первая HTML-страничка на StepkinBlog.ru                                                 
Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Бестамақ орта мектебінің ресми сайтына қош келдіңіздер!


        
     Қазақстан   Республикасының
        электрондық    үкіметі




Байланыс ақпараты:

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылы Бөкенбай батыр көшесі 54, 
"Бестамақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сенім телефоны  8 (71337) 3 53 04
Факс 8 (71337) 3 53 04

Email:  bestamak_mektep@mail.ru

Мектеп директоры Истегулова Анар Гасыровна

Жеке сұрақтармен қабылдау күні: Бейсенбі сағат 14.00 - 17.00     

                                     
   
                   
       ҚР Президентінің Қазақстан  
               халқына Жолдауы

                 2 қыркүйек 2019ж
                     Барлық Жолдаулар               
           Қажетті сілтемелер:
ҚР БжҒ министрлігі сайты
Ақтөбе облысының білім басқармасы
Алға ауданы әкімдігі
Алға аудандық білім бөлімі


 
                          

                                               
Іс-шаралар және жаңалықтар


 6.04.2020
Мектеп психологі А. Аминова Бестамақ орта мектебінің ұстаздарына және оқушыларына басталғалы тұрған оқу тоқсанына сәттілік тілейді

 
 26.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 1 "Ә" сынып оқушысы Нұрманова Шырайлым

 28.03.2020
Ақтөбелік ІТ мамандар интернетсіз қашықтықтан оқыту жүйесін ұсынды. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин "Бестамақ орта мектебі" КММ болды. Аймақ басшысы білім ордасындағы қашықтықтан оқытуға арналған жұмыстардың дайындығыымен танысты. 

 26.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 1 "Ә" сынып оқушысы Кендебай Айкерім

 26.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 7 "А" сынып оқушысы Кенжебай Раушан

 25.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 6 "А" сынып оқушысы Еңсегенов Нұрсұлтан

 25.03.2020
Кең пейілді жанашыр жандар!!! Сіздерден еліміздегі болып жатқан жағдайға байланысты ауылымыздағы көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға көмек беру үшін қайырымды іс жасауға бағытталған бастамамызға өз үлестеріңізді қосып, спонсорлық көмек көрсетулеріңізді сұрағалы тұрмыз. Азық-түлік, ақшалай көмек берем деген жандар болса осы номерге хабарласуларыңыз сұралады.

 24.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 4 "Ә" сынып оқушысы Торбай Ибрахим

 24.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 1 "Б" сынып оқушысы Қаржаубаев Азизхан

 24.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 5 "А" сынып оқушысы Ғайсағалиев Дінмұхамед

 24.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 1 "В" сынып оқушысы Жақсыбаев Мерлан

 22.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 4 "Ә" сынып оқушысы Мереев Досымжан

 23.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 1 "В" сынып оқушысы Куанышбай Нұржан

 22.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 2 "Б" сынып оқушысы Ещан Кәусар

 22.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 2 "Б" сынып оқушысы Түркменбай Ақбота

 22.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 5 "А" сынып оқушысы Аманжолова Жанель

 22.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 3 "А" сынып оқушысы Аманғали Назерке

 22.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 2 "А" сынып оқушысы Мырзахан Нұржас


 22.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 4 "Ә" сынып оқушысы Абдрахманова Нурсила

 22.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 4 "Ә" сынып оқушысы Оңайбаев Әкежан

 22.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 4 "Ә" сынып оқушысы Саркулов Омар



 21.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 2 "А" сынып оқушысы Сайлаубаев Нұрислам

 21.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" челленджінде Бестамақ орта мектебінің 0 "В" сынып оқушысы Ибрай Назерке

 21.03.2020
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында "Көңілді демалыс уақытым" атты челлендж көктемгі демалыс уақытындағы сәттерін жіберу сұралады. Сіздердің те кқана үй жағдайындағы қызықты сәттеріңізді баяндайтын шығармашылық еңбектеріңізді күтеміз!!! Байланыс тел: 87057299189

 21.03.2020
"Көңілді демалыс уақытым" атты челленджінде Бестамақ орта мектебінің 0 "В" сынып оқушысы Каликов Азиз



 17.03.2020
Достар! Каникул уақытында және карантин жағдайында Сізге төмендегі білім беру ресурстары қажет болады:
1. "Coursera" - жаппай онлайн-білім беру саласындағы жоба. https://www.coursera.org/
2. Хан академиясы - коммерциялық емес білім беру ұйымы. http://khanacademy.org/
3."Bilim media Group" - 40 мыңнан астам материал шоғырланған білім беру контенті бар үлкен база.
4. "Daryn Online" - бағдарлама мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келеді. https://daryn.online

 17.03.2020

 12.03.2020
Ақтөбе қаласында І Республикалық балалар, жасөспірімдер, жастар шығармашылығы "Гори,гори моя звезда!" өнер байқауында Бестамақ мәдениет үйінің "Балдәурен" би тобы жүлделі І орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 14.03.2020
Чтобы получать достоверную и обьективную информацию о ситуации с короновирусом в Казахстане и мире  - как избежать инфекции, что делать при первых симптомах и какие меры лечения, в случае заражения, должно оказать государство, подписывайтесь на телеграмм-канал Комитета контроля качества и безопасности товаров и услуг МЗ РК и инстаграм аккаунт Алгинского районного управления контроля качества и безопасности товаров и услуг. Доверяйте только официальным источникам информации. http://t.me/kkkbtu @alga_kkbtu 

 10.03.2020
Бестамақ орта мектебі. Тарих кафедрасының челленджі. #Абай Құнанбаев 175 жыл

 11.03.2020
#Абай Құнанбаев 175 жыл

 06.03.2020
7 "Ә" класс. Пәні орыс тілі. Тақырыбы М. Кабанбаев "Арстан, я и виолончель". Өткізген орыс тілі пәні мұғалімі А. Н. Етенбаева

 06.03.2020
5 "А" класс. Пәні өзін-өзі тану. Тақырыбы "Табиғат - шабыттың қайнар көзі". Өткізген өзін-өзі тану пәні мұғалімі С. Р. Рүстем

 05.03.2020
0 "Б" тобы. Пәні сауат ашу. Тақырыбы "Б әріпі мен дыбысы". Өткізген мектепалды даярлық тәрбиешісі Д. Диярова

 05.03.2020
0 "В" тобы. Пәні сауат ашу. Тақырыбы "Б әріпі мен дыбысы". Өткізген мектепалды даярлық тәрбиешісі А. Аймағанбетова

 05.03.2020
4 "Ә" класс. Пәні қазақ тілі. Тақырыбы "Етістіктің жіктелуі". Өткізген бастауыш класс мұғалімі С. Ж. Досжан

 05.03.2020
10 "Ә" класс. Пәні тарих. Тақырыбы "Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы". Өткізген тарих пәні мұғалімі С. И. Исенова

 04.03.2020
Бестамақ орта мектебі оқушылары арасында "Ақтөбе адалдық алаңы" жобасы аясында "Адалдыққа бір қадам" атты сурет байқауы өткізілді. Нәтиежесінде 10 сынып оқушысы Қабылова Мөлдірдің жұмысы облыстық байқауға жіберілді. 

 04.03.2020
9 "Ә" класс. Пәні биология. Тақырыбы "Адам генетикасы". Өткізген биология пәні мұғалімі М. Қ. Джубатова

 04.03.2020
Мектебімізде әйгілі ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың туғанына 125 жыл толуына орай мектеп кітапханасында "Мен өзім тауда туып, тасында өстім" атты 7 кластармен тәрбие сағаттары өткізілді.



 04.03.2020
1 "В" класс. Пәні математика. Тақырыбы "Графическая модель задач". Өткізген бастауыш класс мұғалімі А. Б. Ерназарова

 04.03.2020
Мектебімізде мектепішілік (буккросинг) яғни кітап алмасу акциясы өтіп жатыр. Барлығыңызды кітап алмасу акциясына шақырамыз!

 04.03.2020
"Қазақстан - мейірімділік мекені" жобасы аясында Бестамақ орта мектебінде аталған жоба барысында мектеп оқушылары шара жоспары бойынша мектептегі өсірілген гүлдерді баптап, күтіп ат салысты.


 03.03.2020
6 "В" класс. Пәні қазақ тілі. Тақырыбы "Ер намысын қорғаған Бақтияр Артаев". Өткізген қазақ тілі пәні мұғалімі А. А. Қалдыбаева

 4.03.2020
Мектебімізде жаңа түскен көркем әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру мақсатында кітапхана жанынан "Кел, балалар, оқылық!" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

 03.03.2020
Тікелей эфир

 03.03.2020
3"А" класс. Пәні математика. Тақырыбы "Разрядтан екі рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі". Өткізген бастауыш класс мұғалімі А. Ж. Мусина

 02.03.2020
3 "В" класс. Пәні музыка. Тақырыбы "Опера Великан". Өткізген музыка пәні мұғалімі Ж.Н.Жумабаев


 02.03.2020
7 "Б" класс. Пәні дене шынықтыру. Тақырыбы "Топтарда шытырман оқиғалы ойындар құру". Өткізген дене шынықтыру пәні мұғалімі А. Т. Аминов

 02.03.2020
8 "Ә" класс. Пәні ағылшын тілі. Тақырыбы "Modal verbs". Өткізген ағылшын тілі пәні мұғалімі Э.А. Сулейменова


 03.02.2020
2 "А" класс. Пәні қазақ тілі. Тақырыбы "Зат есімнің жекеше және көпше түрі". Өткізген бастауыш класс мұғалімі А. С. Куртекова

 2.03.2020
02.03-06.03 аралығында мектепішілік "Жаңа форматтағы сабақтар арқылы оқыту үдерісін жетілдіру" тақырыбында ашық сабақтар топтамасы өтілуі жоспарланып өткізілді. Мақсаты:Шынайы білім сапасына қол жеткізу нысандарын түсіну, білімді жеке тұлғаға бағыттап жаңаша беруге үйрету


 02.03.2020
9 "В" класс. Пәні физика. Тақырыбы "Волновое движение". Өткізген физика пәні мұғалімі А. А. Курманалина



 28.02.2020
Бестамақ орта мектебі Алғыс айту мерекесіне орай Бестамақ орта мектебінің ұстаздарына "Ұстаз,сізге мың алғыс!" атты концерттік бағдарламасын мектеп оқушылары ұсынды


 2.03.2020
Бестамақ орта мектебі бойынша "Мектеп асханасы" республикалық алдын-алу шарасы аясында мектебіміздің ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылауға бракеражды және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мектеп асханасындағы ыстық тамақтың ұйымдастыру жағдайын зерттеді

 28.02.2020
Алғыс күніне орай 7 "А" сыныбында ата-аналарға арналған "Отбасыма рахмет" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Оқушылар өз отбасына ризашылығын білдіріп, өлең оқып, көрініс көрсетіп,күй ойнап, ән айтты. Класс жетекшісі Дуйсенбаева Р. М.

 28.02.2020
Бестамақ орта мектебі Алғыс айту күнініе орай 1 "В" сыныбының ашық тәрбие сағаты өткізілді. Класс жетекшісі А. Фазылова

 27.02.2020
Бестамақ орта мектебінде  "Ақтөбе-Адалдық алаңы" жобасы аясында "Адалдық сағаттары" жалғасуда. Негізгі мақсат өскелең ұрпақты адалдық пен парасаттылық рухында тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар "Адалдық" туралы өз ойларын білдірді


 27.02.2020
Бестамақ орта мектебінде М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған "Жырлайды жүрек" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Шараның мақсаты ақынның өмірімен, шығармашылығымен таныстыра отырып,оқушылардың бойында поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру. Өткізген: Альмуханова А. А., Аймағамбетова Т.К., Көшербайқызы А.



 24.02.20202
Алға ауданында өткен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Жұлдызай" ХУ халықаралық өнер шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңіне дарынды оқушыларымыз Әлімбекұлы Әділет 3-орынмен марапатталып, Ауданбай Ақниет 1-орынға ие болды


 24.02.2020
Орал қаласында өткен "Ұлы дала  ұрпағы" өнер байқауына дарынды оқушыларымыз қатысып, Аманғалиқызы Назерке мен Болатбекқызы Айсұлу жүлделі 2-орын, Ерденұлы Нариман мен Бахуадин Малика 3-орынмен оралды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!



 22.02.2020
Бестамақ орта мектебінде жетекші мектеп жоспары аясында "Жаратылыстану-математикалық циклы сабақтарында сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту" тақырыбында серіктес мектеп мұғалімдерімен бірлескен аудандық семинар-практикумы өтті


24.02.2020
Аудан әкімі М.Аққағазовтың қатысуымен өткен "Birgemiz" аудандық жас еріктілер форумына мектебіміздің жанынан құрылған "Best_volunteers" еріктілер тобының мүшелері қатысып келді. Мектебіміздің жас ұстаздары Жолдыбай Нұрат және Нұртаза Мөлдір аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды

21.02.2020
Мектепалды даярлық 0 "Б" тобының тәрбиеленушілері Республикалық ІІІ "Талантты жұлдыздар" байқауына қатысып, хореография номинациясы бойынша Сәндібекқызы Шахар, Камалова Ясмина, Төребай Айдана, Жақсан Сағыныш, Сарсенғали Айару, Аман Кәусар 3-орынға ие болды. Көркем сөз оқу номинациясыы бойынша Төребай Айдана 2-орынды иеленді


 22.02.2020
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай аудандық "МЕРГЕН ҰСТАЗ" мектеп мұғалімдері арасында пневматикалық мылтық атудан жарыс ұйымдастырылды



 21.02.2020
Мектепалды даярлық 0 "А" тобының тәрбиеленушілері Республикалық ІІІ "Талантты жұлдыздар" байқауына қатысып, хореография номинациясы бойынша Мұратқызы Аружан, Сидакова Венера, Ерденқызы Нұрайна 3-орын, көркем сөз оқу номинациясы бойынша Теңелбаева Маржан 1-орынды иеленді

 21.02.2020
Мектепалды даярлық 0 "В" тобының тәрбиеленушілері Республикалық  ІІІ "Талантты жұлдыздар" байқауына қатысып,көркем сөз оқу номинациясы бойынша Жәңгір Айбибі І орынға ие болды

 21.02.2020
Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында 8-11 класс қыз балаларымен Алға аудандық аурухана акушер-гинекологы Г. Исабековның қатысуымен жиналыс өткізілді

 21.02.2020
В Бестамакской средней школе, кафедрой русского языка и литературы был проведен литературный вечер "Великий Абай - сын казахского народа" посвященный к 175 летию Абая Кунанбаева

 13.02.2020
"Ақтөбе - адалдық алаңы" жобасы аясында 7 сынып оқушыларына "Сүйіспеншілік - өмір негізі" тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. 

 15.02.2020
Мектепалды даярлық топтары мен шағын орталық бүлдіршіндерінің қатысуымен "Ертегілер елінде" атты іс-шара болып өтті

 12.02.2020
"Өзін-өзі тану:Махабат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі аясында "Сүйіспеншілік - өмір негізі" атты жалпы республикалық ашық сабақтар өтті. Өткізген өзін-өзі тану пәні мұғалімі Рүстем Самал Рүстемқызы



12.02.2020
Ақтөбе қаласында өткен "Математика пәні мұғалімдерге арналған" облыстық шығармашылық конкурсында мектебіміздің математика пәні мұғалімі Жолды Ляззат Жумабаевна алғыс хатпен және ақшалай сертификатпен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 11.02.2020
Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Шын хәкім, сөзің асыл - баға жетпес" атты әдеби музыкалық кеш ұйымдастырылды

 11.02.2020
ЧЕМПИОНДАР ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ!!!
Бестамақ орта мектебінің оқушылары РОБОТОТЕХНИКАДАН "Көкпар" облыстық чемпионатының жеңімпаздары РИКА телеарнасының "Новое утро" бағдарламасында қонақта болды. Жетекшісі Аязбаев Серік Иркинович


 4.02.2020
"Мейірім шуағын төккен - Ана" тақырыбында 5 "Б" класында өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ өтті

 5.02.2020
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жыл 9 қаңтарда "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы негізінде Бестамақ орта мектебінде мектеп жастары арасында талқыланды

 3.02.2020
3-13 ақпан аралығында өтетін жалпы республикалық "Өзін-өзі тану махабат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндіктің ашылуы өтті

 3.02.2020
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жыл 9 қаңтардағы "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы негізінде "Интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы" тақырыбында 9-класс оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті.

 25.01.2020
"Еріктілер жылы" аясында Бестамақ орта мектебінің "Адал ұрпақ" ерікті мектеп жастары ауылдағы тыл ардагерлер, қарт аналарымыздың аулаларын қардан тазалап, ақ батасын алды.



 1.02.2020
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында және оқушылар арасында робототехникалық бағытты насихаттау мақсатында "Көкпар" облыстық чемпионаты өтті.

23.01.2020
Ағымдағы жылдың 15-29 қаңтар аралығындағы жол көлік оқиғаларының, соның ішінде балалардың қатысуымен болатын жарақаттардың алдын алу мақсатында Бестамақ орта мектебінің оқушыларына мектеп инспекторы түсіндерме жұмыстарын жүргізді.

 23.01.2020
Мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе қаласындағы филиалының тренері Избасарова Фарида Жонысовна "Қалыптастырушы бағалау - сапалы оқудың маңызды аспектісі" тақырыбында фассилитациялық сессия өткізді.


 17.01.2020
Бестамақ орта мектебінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас емқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен 1-11класс аралығында жалпыреспубликалық "Адалдық сағаты" акциясы өткізілді

 21.01.2020
Мектебімізде "Сіздер есейіп келесіздер..." тақырыбында 5-7 класс қыз балаларымен дәріс өткізілді

 15.01.2020
Мектебімізде "СНЮС" деген не? Оның зияны" тақырыбында кезектен тыс ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп инспекторы М.Елюбаев,медбике Г.Дильжанова түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


 16.01.2020
Бестамақ орта мектебінде "Бүгінгі оқушы - ертеңгі студент" тақырыбында студенттермен кездесу кеші ұйымдастырылды.


 14.01.2020
Мектебіміздің 8-11 класс қыз балаларымен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында мек медбикесі
Г. Дильжанованың қатысуымен дәріс өткізілді.



 15.01.2020
Бестамақ орта мектебінде "Ақтөбе-адалдыө алаңы" жобасы аясында "Жастар-жемқорлықсыз болашақтың негізі" тақырыбында жас ұстаздар арасында дөңгелек үстел өткізілді




 13.01.2020
Бестамақ орта мектебінде  5 класс оқушыларының арасында "Қыс қызығы" спорттық сайысы ұйымдастырылып, өткізілді

 13.01.2020
АБАЙЛАҢЫЗ СНЮСТЕР ! ! !


 5.01.2020
Бестамақ орта мектебінде қысқы каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді.

 6.01.2020
Бестамақ орта мектебінде мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында жауапты мамандармен 2020 жылға жоспар құрылып , талқыланды.

 24.12.2019
Республика көлемінде өткізіліп жатқан "Пиротехника" жедел профилактикалық іс шарасы Бестамақ орта мектебінде де ауым полицейі Қ. Ермекбай мен мектеп инспекторы М.Елюбаевтың қатысуымен ұйымдастырылып өткізілді.


 30.12.2019
"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгіліктен үзінді

 14.12.2019
Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - ел бақыты" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.


 17.12.2019
Бестамақ орта мектебінің "SMILE" жайдарман тобы чемпион атанды.


 14.12.2019
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Отбасы,мектеп ынтымақтастығы" тақырыбында жетекші мектептермен бірлескен аудандық класс жетекшілер семинары өтті.


 14.12.2019
16желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 8-11 класс оқушылары арасында Калашников автоматын шашып,қайта жинаудан жарыс өткізілді.


 12.12.2019
2,5 класс оқушыларын Республикалық "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиына өткізілді. Жиын қонақтары болып Бестамақ ауылдық округінің бас маманы Т.Досжанов,ата-аналар комитетінің төрайымы А.Абдулгазиева және мектеп әкімшілігі қатысты.

 12.12.2019
Ақтөбе облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен "Сабақты зерттеу-қазақстандық мектеп тәжірбиесінен" тақырыбында ІІІ өңірлік конференциясына мектеп координаторы Г.Бердембаева мен бастауыш сынып мұғалімдері А.Қарабатырова және Г.Бекетаева қатысып, алғыс хатқа ие болды.

 11.12.2019
Егемен еліміздің төл мерекесі - 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай флешмоб ұйымдастырылып өткізілді. Өткізген  мектеп тәлімгері А. Куптлеуова


 11.12.2019
9 желтоқсан күні Бестамақ орта мектебінің жастарының ұйымдастыруымен Жастар жылы аясында "Жастарымыз сахнада сәніменен, туған жерді тербетеді әніменен" атты кеш өткізді.


 6.12.2019
Интересно и познавательно прошла викторина по сказкам на тему "По дорогам сказок" среди учащихся 5-7 "В" классов в рамках недели русского языка и литературы, которая провела С.Г.Устенко

 9.12.2019
9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай "Адалдық сағаты" ұйымдастырылып өткізілді.

 6.12.2019
Әйелдерге қатысты  зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күніне орай "Әйелдер арасындағы зорлық-зомбылықсыз өмір" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

 6.12.2019
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мемлекеттік рәміздерді насихаттап,оқушылардың бойында патриоттық сезім, ұлттық сананы қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаттары,дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып өткізілді.

 5.12.2019
Со 2 декабря по 6 декабря проводитсянеделя русского языка и литературы на тему "В мире сказок". Праздник прошел в теплой и дружеской атмосфере.

 5.12.2019
Жастар жылы аясында Бестамақ орта мектебінің жастарының мерекелік кешіне шақырамыз!

 30.11.2019
Мектепалды даярлық "Ә" тобының тәрбиешісі Ж.Бибитова 1 желтоқсн Қазақстан Республикасының  тұңғыш президенті күніне орай "Елін сүйген - Елбасы" тақырыбында танымдық оқу қызмтін өткізді


 4.12.2019
Аудандық пәндік олимпиадаға оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында "Сенімділік күш береді" тақырыбында мектеп психологі А.Аминова топтық тренингтер өткізіп,кеңестер берді.


 30.11.2019
1 желтоқсан - тұңғыш Президент күніне орай 1 "Ә" класында "Елін сүйген, елі сүйген елбасы" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушылар кішкене ғана жүректерімен тебірене жыр шумақтарын айтты. Сынып жетекшісі Г. Бекетаева


 30.11.2019
"Балдырған" шағын орталық тобының тәрбиешісі М.Аманова 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай "Елбасы - ұлт қамы" тақырыбында танымдық оқу қызметін өткізді.


 29.11.2019
Бастауыш кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес оқушылар арасында "Жаратылыстану ғажайыптары" атты зертханалық жұмыстар ұйымдастырылды.
Негізгі мақсаты - жаратылыстану мен дүниетану пәндерінің басты мақсатын айқындап, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру болды.

 29.11.2019
Тұңғыш Президент күніне орай "Елбас елдің тірегі" тақырыбында концерттік бағдарлама өткізілді.


 29.11.2019
1 желтоқсан - тұңғыш Президент күніне орай "Елбасы - Елдің тірегі" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Шараға ауыл ақсақалдары кеңесінің төрағасы А.Ахметов қатысты. Сонымен бірге, кітапханашылар мерекеге орай кітап көрмесін ұйымдастырды.

 29.11.2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай "Nur Otan" партиясының облыстық филалында партия қатарына салтанатты түрде қабылдау өтті. Мектебіміздің жас маманы Лұқбанов Абай облыс әкімі О. Оразалиннің қолынан "Nur Otan" партиясының партиялық билетін алды. Абайға алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!!!

 27.11.2019
Бастауыш бірлестігі апталығының жұмыс жоспарына сай 2-4 кластар арасында "Жас математик" тақырыбында сайыс өтті. Сайысқа оқушылар белсене ат салысты.

 28.11.2019
В нашей школе была проведена интеллектуальная игра "Знайка", среди учащихся 2-4 классов. Цель игры:развитие логического мышления у детей младшего школьного возраста.


 27.11.2019
1-11 класс ата-аналарға арналған білім беру мазмұнын жаңарту аясында "Ашық есік күні" ұйымдастырылды. Шара барысында жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктеріне баса назар аударылды.

 27.11.2019
Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған облыстық шарадан мектебіміздің оқушылары 1 орын алды. Жетекші Гүлнаш Қуанышбекқызына алғысымызды білдіреміз. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

26.11.2019
1-11 класс жетекшілерімен "Оқушылар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алуда класс жетекшілердің қызметі" тақырыбында жиналыс өткізілді. Мектеп психологтары кеңестер беріп, жаттығулар жүргізді.


 27.11.2019
Бастауыш сыныптар апталығында 3-4 сыныптар арасында "Алтын ұрпақ" интеллектуалдық сайысы өтті.


 25.11.2019
Мектебімізде бастауыш сынып кафедрасы апталығының ашылуы өтті. Тақырыбы: "Пәндер патшалығы". Осы апталықта оқушыларға рухани азық болатындай танымдық шығармашылық қабілеттерін арттыратындай жұмыстар жоспарланды

 25.11.2019
23-24 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында жастар бастамаларын қолдау мақсатында JASA жобасының форумы өтті. Форумда Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан келген жалынды жастар бас қосты. Жобаға мектеп жастары мен түлектері қатысып, жеңімпаз атанған болатын. Қазірде олар өздері құрған бастамашыл топпен бірігіп өз проекттерін аяқтап, Нұр-Сұлтан қаласында өткен жобаның жабылу салтанатына қатысып келді.

 21.11.2019
1-кластар арасында "Егер мен президент болсам..." тақырыбында байқау ұйымдастырылды.Байқау барысында қатысушылар шешендіктерімен,алғырлықтарымен,қойылған сұрақтарға орынды жауаптарымен ерекшеленіп,әділ қазылар мен көрермендердің көзайымына айналды.Бас жүлдеге 1"Ә"класс оқушысы Қоблан Нұрислам ие болды.

 22.11.2019
Аудандық "Ханзада мен ханшайым-2019" байқауына Дәулет пен Аружан қатысып, "Эрудит" номинациясына ие болды. 
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!



 20.11.2019
Мектебімізде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай 5-кластар арасында байқау өтті. Өткізген: А.А. Альмуханова және К. И. Булекбаева. Сонымен қатар, кітапханашылар ақын шығармашылығына көрме ұйымдастырды.

 20.11.2019
Ата-аналарға бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі жадынама



19.11.2019
В 1 "Г" и во 2 "В" классах было проведено внеклассное мероприятие на тему "Знай и выполняй правила дорожного движения" 



 18.11.2019
8-11 кластар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа қамқоршылық кеңес мүшесі,мектеп инспекторы,мектеп мұғалімдері қатысты.

 13.11.2019
Алға аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 23 қазан күнгі №3 хаттамасын орындау мақсатында қосымша берілген жоспарына сәйкес Бестамақ орта мектебінде атқарылған жұмыстар



15.11.2019
Бестамақ орта мектебінде 15 қараша күні Ұлттық валюта күніне орай "Теңге - ұлттық валюта" тақырыбына мектеп кітапханашылары іс-шара өткізді







 8.11.2019
3 кластар арасында "Зерде" интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылып, өткізілді. Сайыста оқушылар жан-жақты жауап беріп,белсенділік танытты.


 9.11.2019
"Білім берудің жаңартылған мазмұны негізінде география, тарих пәндерін оқытудың ерекшеліктері" тақырыбында әдістемелік күн өтті. Семинар барысында серіктес мектептердің тарих, география, құқық пәндерінің мұғалімдері бас қосты.




 6.11.2019
"ӘлемТалантStar" ІІІ Халықаралық шығармашылық байқау фестивалінде мектебіміздің 5 "А" сынып оқушысы Амандық Аида "Көркем сөз" номинациясы бойынша өнер көрсетіп, ІІІ дәрежелі Лауреат дипломымен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

6.11.2019
"Адал ұрпақ" еріктілер тобының мүшелерімен "Жемқорлықмыз балалық шақ" тақырыбында челлендж ұйымдастырылды.







 31.10.2019
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 5 класс аруларына "Қолымнан бәрі келеді" тақырыбында шебер класс өткізілді. Шебер класста аруларымыз өз шаштарын өру жолдарын үйреніп, шаш күтімі жөнінде ақпаратпен бөлісті.

31.10.2019
1-7 сынып оқушылары арасында облыстық "Зерде" ғылыми жобалар конкурсы өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша Мақсотова Аружан ІІ орын, Рахманова Жұлдыз, Разбаева Нұршат мақтау қағазына ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

 31.10.2019
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында "Ой мен ойын" интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылып өткізілді.


30.10.2019
Жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданың І (мектепішілік) кезеңі салтанатты түрде ашылды. Мектеп директоры Истегулова Анар Ғасырқызы олимпиада қатысушыларына сәт сапар тіледі. Мектепішілік олимпиада жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыт бойынша өткізілді.

25.10.2019
Бестамақ орта мектебінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ауыл полицейінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Оқушыларға күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, бос уақыттарын тиімді пайдалануын түсіндірді

25.10.2019
"Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы" тақырыбындағы бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.


 18.10.2019
Мектебімізде "Алтын күз" мерекесіне орай дәстүрлі "Күз ханшайымы мен ханзада" сайысы 5-7 кластар арасында ұйымдастырылып өткізілді.


 24.10.2019
Жас мамандар арасында жемқорлықтың жолын кесуге, тұрмыстық жемқорлықтың алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел




 17.10.2019
"Жұбановтар керуені" атты шарада мектебіміздің жас маманы С.Рустем алғыс хатпен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


 18.10.2019
"Қазақтың аяулысы,перизаты,өшпейді ешқашанда Фариза аты" атты 2-4 кластар аралығында Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінен мектепішілік мәнерлеп оқу сайсы өтті.


 16.10.2019
"Менің кіші Отаным" атты жас тарихшылар республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі ІІ орын алған Н.Таймағамбетова,Сапарғали Батыржан, ІІІ орын алған З.Сергейді ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Аккалиева Ж. М.
 
 17.10.2019
Шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі Бердібек Соқпақбаевтың 95 жылдығына орай мектебімізде "Балалар әдебиетінің бәйтерегі" атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

 14.10.2019
"Қыз болашағы - ел болашағы" акциясы аясында Алға аудандық ІІБ-нің мектеп инспекторлары Ж.Пангерей, Г.Жасақбаева және аудандық аурухана акушер-гениколог маманы Ұ.Мүслімқызы, СӨС кабинетінің дәрігері Т.Сатеннің қатысуымен 8-11 класс қыз балаларымен профилактикалық шара өтті.


 16.10.2019
Мектептің гүлдендіру жұмыстарына барлық қызметкерлер атсалысуда...

 13.10.2019
Мектебімізде "Қыз болашағы- ел болашағы" онкүндігі аясында мектеп психологтары 8-11 класс қыз балаларымен "Қызым саған айтам..." тақырыбында пікіралмасу өткізілді.


 12.10.2019
Бестамақ орта мектебінде "Жаңартылған бағдарлама ізденіс және тәжірбие" тақырыбында аудандық практикум семинар өтті. Семинарға серіктес мектептердің бастауыш класс мұғалімдері қатысып, тәжірбие алмасты.


 
12.10.2019
"Дене шынықтыру" кафедрасы апталығының соңғы күні мұғалімдер арасында волейболдан "Мектеп директоры кубогі" ұйымдастырылды. Нәтиежесінде "Жаратылыстану" кафедрасы жеңіске жетті.




 12.10.2019
Ұжымдағы ауызбіршілікті нығайту мақсатында топтық тренингтер өткізілді. Ұйымдастырушылар: психолог Г. Сеитова және педагог-ұйымдастырушы А.Лұқбанов

 12.10.2019
Бестамақ орта мектебі ұжымы "12 қазан орман отырғызу" күні аясында 50 түп ағаш отырғызды.


 12.10.2019
"Жасыл мектеп" акциясы аясында мектеп ұжымы гүлдер отырғызып, мектептің гүлденуіне өз үлестерін қосты


10.10.2019
Шағын орталық пен даярлық топтар арасында "Күз ханшайымы" сайысы өтті. Сайысқа қыздарымыз белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.






 11.10.2019
Аудандық "Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2019" байқауының 2 орын иегері Бестамақ орта мектебінін бастауыш сынып мұғалімі Г. Бекетаева. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

7.10.2019
"Оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиынға мектеп директоры, мектеп инспекторы, "Қамқоршылық кеңесі" мүшелері қатысты.



 10.10.2019
"Жас Ұлан" ұйымының ұланбасы 9 "А" сынып оқушысы Тулегенов Ержан сайланды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!


 
5.10.2019
Алға қаласында өткен "Жастар маусымы 2019" облыстық жайдарман ойындарының жартылай финалына мектебіміздің "Smile" және "mix" құрамалары қатысып финалға жолдама алды.


 5.10.2019
"Жаратылыстану - заманауи академиялық ғылым" атты жаратылыстану бірлестігінің апталығының жабылуы "Жеміс бағы" тақырыбы аясында бірлестік мұғалімдері 11-сынып оқушыларымен өткізді.






 4.10.2019
Бестамақ орта мектебінде өзін-өзі басқару күні...


4.10.2019
"Ақтөбе-Дарын"өңірлік ғылыми-тәжірбиелік қосымша білім беру орталығында республикалық "Үздік авторлық бағдарлама" конкурсының облыстық кезеңінде мектебімізден 11 мұғалім қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті.









 3.10.2019
Бестамақ орта мектебінде "Эко сағаттар" өткізілуде...



 4.10.2019
"Мұғалім мамандығы - беделді" тақырыбында мектеп психологтары жас мамандармен тренингтер жүргізді. Жас мамандарға психологиялық кеңестер берді.


 3.10.2019
Жаратылыстану кафедрасының апталығында Л. Курманова 9 "В" сыныбында химия пәнінен "Теория электролитической диссоциации" тақырыбында ашық сабақ өткізді.



 3.10.2019
Жаратылыстану кафедрасының апталғында 5 "Б" сыныбында жаратылыстану пәнінен "Жергілікті жердің жоспары. Шартты белгілер" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.


 3.10.2019
"Эко сағат" акциясы маясында Бестамақ орта мектебінде Жаратылыстану бірлестігінің мұғалімдері 5-7 сынып оқушыларымен бірге кабинетке гүл отырғызуды ұйымдастырды.


 3.10.2019
Жаратылыстану кафедрасының апталығында А. Искакова 8 "А" сыныбында химия пәнінен "Химиялық реакция типтері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.




3.10.2019 
Жаратылыстану кафедрасының апталығында 8 "А" сыныбында мектебіміздің жас маманы А. Куртекова "Омыртқалылар мен омыртқасыз жануарлардың ас қорыту жүйелері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.


 3.10.2019
Жаратылыстану кафедрасының апталығында А. Лұқбанов 8-9 сыныптар арасында "Не? Қайда? Қашан?" интелектуалды ойынын өткізді.


 3.10.2019
Жаратылыстану кафедрасының апталығында Утегенова Г. Г. 9"А" сыныбына "Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.


 3.10.2019
Жаратылыстану кафедрасының апталығында 7 "Б" сыныбында жас маман Г.Арыкова "Омыртқалылар және омырқасыздар" тақырыбында ашық сабақ өткізді.


 02.10.2019
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық "Зерде" ғылыми жоба сайысының аудандық кезеңіне мектебімізден 6 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.


 02.10.2019
"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында Бестамақ орта мектебінің аз қамтылған отбасы балаларына ауыл әкімі Қ.Даулеталиннің ықпал етуімен Бестамақ ауылындағы "Парижская коммуна ХХІ век" шаруа қожалығының басшысы Г.Тертерянның демеушілігімен мектебіміздің 32 оқушысына жалпы құны 263000 теңге тұратын мектеп сөмкесі мен оқу-құралдары сыйға тартылды.


 02.10.2019
Бестамақ орта мектебінің еріктілер тобы қарттарға көмек көрсетуді жалғастыруда...


 01.10.2019
Мектебімізде "Жаратылыстану -заманауи академиялық ғылым" кафедрасының ашылуы өтті.


 01.10.2019
Бестамақ орта мектебінің еріктілер тобы "Қарияларға көмек" ұранымен ауылдағы жалғыз басты қарттарымыздың үйіне барып, үйін жинеп, ретке келтірді. Қариялар ыстық ықыластарын білдіріп, батасын берді

 01.10.2019
"Сөз өнерінің падишасы" ақын Ф.Оңғарсынова 80жылдық мерейтойына орай аудандық мәнерлеп оқу сайысына белсенді қатысқаны үшін 6-сынып оқушысы Мойнақбаева А. Алға ауданының әкімі Алғыс хатымен марапатталды

 27.09.2019
Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар ұйымының жоспарына сәйкес Ұланбасы сайлауы өткізілді

01.10.2019
Қарттар күніне орай "Қарттарым-асыл қазынам" атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді.



27.09.2019
"Адал жол" марафон-эстафетасы аясында Бестамақ орта мектебінің кітапханашылары "Адалдық басты міндет" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
 
25.09.2019
Тілдер апталығында тек орыс сыныптарының оқушыларының қатысуымен "Қазақшаңыз қалай?" атты шара өтті.




 26.09.2019
Абай Құнанбаевтың туылғанына 175 жыл толуына орай ғылыми концеренция өтті. Конференцияда оқушылар баяндама дайындап, ақын өлеңдерін оқудан эстафета жүргізді.

24.09.2019
Жалпы білім беретін пәндер бойынша "Зерде" атты республикалық жоба сайысының мектепішілік кезеңіне 1-7 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орын алған шәкірттеріміз аудандық кезеңге жолдама алды.


 22.09.2019
"Тіл - қазына, Язык-сокровище,language-treasure" тақырыбында тілдер айлығының ашылуы өтті.Мақсаты - оқушылардың тіл байлығын дамыту,патриоттық сезімдерін ояту.

22.09.2019
8 сыныптар арасында "Тіл-күретамыр" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты - ұлттық сана-сезімі мол, Отанын ана тілін өз анасынан кем сүймейтін ұрпақ тәрбиелеу,мемлекеттік тілдің мәртебесін кеңінен насихаттау
12.09.2019
Мектепішілік даярлық топтары мен шағын орталық тобы арасында отбасы күніне орай "Менің отбасым" атты қолөнер байқауы өтті.

 16.09.2019
Мектеп психологі Г. Сеитова 1 класс оқушыларының бейімделуіне байланысты психологиялық көмек кеңестер берді


11.09.2019
Отбасы күніне орай "Біз мейірімді отбасы" тақырыбында тренинг өткізілді. Ұйымдастырушы мектеп тәлімгері А. Куптлеуова

14.09.2019
Отбасы күніне орай "Өз балаңа үлгі бол" тақырыбында 5 класс оқушыларының ата-аналарымен семинар тренинг өткізілді. Мектеп психологі А. Аминова




 10.09.2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы желтоқсанда жарияланған "Қазақстан-2050" Стратегиясына,"Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" 2018 жылғы 19 ақпанда #637 Жарлығына сәйкес  Қазақстан Республикасы азаматтарын латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануға үйрету мақсатында Бестамақ орта мектебінде "Мың бала" республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолдану арқылы ЖАЛПЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ өтті


08.09.2019Бестамақ орта мектебі жастары республикалық "JasA" жобасына белсенді қатысып,6 күндік оқуды аяқтады. Жоба аясында қатысушылар тренингтер мен командалық жұмыстар атқарды



05.09.2019
20-29 жас жастар арасында "Саналы ұрпақ -  жарқын болашақ" тақырыбында коучинг өткізілді. Жастарға "Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі" атты бейнефильм көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру бағытында белсенді жұмыс жүргізілді. Шараны өткізушілер Г. Утегенова мен Г. Анафияева 

             
05.09.2019
20-29 жас аралығы жастарға мектеп медбикесі Г. Дильжанова қызылша,қызамық ауруларының салдары,қауіпі туралы түсіндіру жұмысын жүргізді

                   
01.09.2019
Мектебімізде 2019-2020 оқу жылының алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Жиын қонағы болып Алға ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қойлыбаева қатысып,ыстық лебізін білдірді.

 24.04.2019
 "Жас Ұлан" балалар ұйымының тәлімгерлеріне арналған облыстық "Тәлімі мол тәлімгер 2019" байқауы өтті. Алға ауданынан Бестамақ орта мектебінің тәлімгері Куптлеуова Алия қатысып,
"Эрудит тәлімгер"номинациясына ие болды. Құттықтаймыз!

 

22.04.2019
«Platon” Халықаралық білім дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Білім - асыл қазына" атты Республикалық пәндік олимпиадаға Бестамақ орта мектебінің оқушылары қатысып,жақсы нәтиже көрсетті:
Қазақ тілі пәнінен
 І жүлделі орын Мақсотова Аружан,
Математика пәнінен 
ІІ орын Әкімалы Шыңғыс,жетекшілері Молдаулетова М.
Математика пәнінен 
І орын Султан Әли,жетекшісі Мусина А.
Ағылшын тілі пәнінен 
ІІІорын Торбай Ибраһим,жетекшісі Акаидарова У.
География пәнінен 
І орын Уәлиев Нұрмаxаммад ,
І орын Сапарғали Батыржан, 
І орын Саликов Абдуллаһ ,жетекшелері Утегенова Г.
Жарайсыңдар! 
Құттықтаймыз!!!
             
2019 жылғы 19сәуірде "Ақтөбе -Дарын"өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін орта мектептердің 7-8класс оқушылары арасында өткен кіші олимпиададан Бестамақ орта мектебінің 7 "А"класс оқушысы Саликов Абдуллаh Қазақстан тариxы пәнінен қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Исенова С. 
                      

Аудандық 5-6класс оқушылары арасында "I’m a talent”тақырыбында ө₸кен байқауға мектебіміздің жаз өнерпаздары қатысып, өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі:ағылшын тілі пәні мұғалімі Акаидарова Улмекен Кетебаевна.
Құттықтаймыз! 
    

10.04.2019
В Бестамакской средней школе в 5 русском классе прошла защита презентации
на тему  'Безопасность в Интернете'. Цель проекта: обеспечение безапости работы
с Интернетом. Учитель :Жолды Л. 
                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            
09.04.2019
3 Б сыныбының "Қауіпсіз интернет" тақырыбындағы шығармашылық жұмыстары. 

Мақсаты: Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, желідегі қауіпсіздік шараларын, желідегі қарым-қатынас мәдениетін түсіндіру, интернетке тәуелділікті болдырмау туралы ақпарат беру.  
                                           
 06.04.2019
5.04 күні Алға қаласында ұйымдастырылған аудандық "ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР - 2019" мектеп тәлімгерлері арасында мектебіміздің тәлімгері Куптлеуова Алия қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
Құттықтаймыз!!!

 06.04.2019
29 наурызда Ақтөбеде өткен облыстық "Басқарылатын роботтар футболы" чемпионатында Бестамақ орта мектебінің "Позитив"командасы 20 команда арасында жүлделі үшінші орынға ие болды. Тренері Аязбаев Серик Иркинович.
  
 05.04.2019
Бестамақ орта мектебінің "Жас эколог" үйірмесінің мүшелері көктемгі каникул кезінде мектептегі гүлдерді күтіп,аквариумдағы балықтарды,тотықұстарды тамақтандырып,аула гүлдерін отырғызуға дайындады.

 03.04.2019
3 сәуір күні Бестамақ селолық округінің «Адал ұрпақ» еріктілер тобы мен М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті жанынан құрылған «Мейірім» волонтерлық тобымен кездесу өтті. Топ мүшелері Оразғалиев Арслан, Утегалиева Асылзат, Амангельдина Жансая, Кабдол Нуракен келіп тәжірибе алмасып, түрлі Көшбасшылық және алғашқы көмек көрсету туралы тренингтерін өткізді. Еріктілер өздеріне қызықты ақпараттар алып, тренингтерге белсенділік танытып, бойларынан КӨШБАСШЫЛЫҚ қасиеттерін аша алды. 

 03.04.2019
Көктемгі каникулды тиімді өткізу мақсатында «Жас тілшілер» үйірмесінің оқушылары арасында «Кім тапқыр?» ойыны өткізілді. Ойынға «Білгіштер» және «Ана тілі» топтары қатысты. Қатысушы оқушылар маратталды. Жетекшісі Альмуханова А. 

 03.04.2019
"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" ақпараттық-сараптамадық орталығы және "ТАҒЫЛЫМ" республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған "2018-2019 оқу жылының "100 ҮЗДІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҚАЛАСЫ" республикалық конкурсының "ҮЗДІК БАЯНДАМА"номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен Бестамақ орта мектебінің жас маманы Фазылова Айнур Токтасыновна марапатталып,жазған мақаласы республикалық жинаққа жарияланды. 
Құттықтаймыз !!!
  
 03.04.2019
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры сыйлығының иегері Martebe.kz білім порталында жас мамандардың біліктілігін арттырып,педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық "Жас маман" байқауына мектебіміздің жас мамандары белсене қатысып,нәтижесінде 
ІІІ дәрежелі диплом,төсбелгі - Нұртаза Мөлдір Нұржанқызы,
"Жаңашыл мұғалім" номинациясы бойынша диплом,төсбелгі -Лұқбанов Абай Қайратұлы,
"Ізденімпаз мұғалім" номинциясы бойынша,төсбелгі- Жолдыбаева Арайлым Мұратқызы. Сонымен қатар қатысушы жас мамандарымыз 
Фазылова Айнур Токтасынова
Рустем Самал Рустемқызы
Куптлеуова Алия Бейбитовна
Аманова Мария Кенесбаевна
Қуатбай Жансая Қуантайқызы
Балмагамбетова Гауxар Берікқызы
Алмагамбетова Лена Әлімбайқызы дипломмен марапатталды. Бестамақ орта мектебі ұжымы "ЕҢ ҮЗДІК ҰЖЫМ"номинациясына ие болып,мектеп басшысы Анар Гасыровнаға Алғыс xат және "Қазақстан ұстазы"төсбелгісі тағылды. 
Жарайсыздар,жас мамандар!
 
 02.04.2019
Бестамақ орта мектебінің талантты оқушылары І Халықаралық "ҚИЯЛ ӘЛЕМІ" бейнелеу өнері конкурсына қатысып, жоғары нәтиже көрсете білді.
16жас - Есилова Назира І орын,
10жас Ербулат Гулдана І орын,
9жас- Жанкелді Раяна І орынға ие болды.
Жетекшсі Жолдыбаев Марат Максутович.
Құттықтаймыз!!!
               
 02.04.2019
Бестамақ орта мектебінің ұстаздары "Үздік педагог-2019" Республикалық байқауында шығармашылық пен педагогикалық шеберлігін,жоғары кәсіби біліктілігін көрсетіп,
Анафияева Гүлсара Қайболлаевна БАС ЖҮЛДЕ,
Дуйсенбаева Роза Маратовна БАС ЖҮЛДЕ,
Досжан Сәуле Жаңабергенқызы жүлделі І орын,
Ақылбекова Асел Кабиболлаевна жүлделі І орын,
Нұрпейісова Салтанат Қазбековна жүлделі І орын,
Муxашева Айнұр Баxуадиновна жүлделі ІІ орын,
Курманалина Айгул Аманжоловна жүлделі ІІорынға ие болды. Жарайсыздар!!!

 22.03.2019
Наурыз мейрамы қарсаңында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. 
                                                                                                                                                                                    
  20.03.2019
Шығармашылық академияда робототехникада облыстық чемпионат өтті. Ол "Робот сумо - мини" жəне "Адымдап жүретін робот сумосы" салаларында болды. Бестамақ орта мектебінің оқушысы Сұлтанмұрат Арнат жүлделі І орынды жəне кубогін , ал Таймағанбетова Нұргүл ІІ орын жəне кубокті ұтып алды. Бұл оқушылар "Робот сумо - мини" саласындағы жарысқа қатысты. ал Абдрахман Парасат "Адымдап жүретін робот сумосы" жарысына қатысып жүлделі ІІІ орын жəне кубогін ұтып алды. Жетекшісі Аязбаев С.И.жеңістерің құтты болсын. Жарайсыңдар! 
  
         

    01.04.2019

2018-2019 оқу жылы көктемгі каникул кезінде Бестамақ орта мектебінде 1 сәуір күлкі күніне орай іс шара өткізілді. Ұйымдастырушы мектеп тәлімгері А.Куптлеуова

                                                

Бестамақ орта мектебінен "Egov" электронды үкіметі порталы арқылы мемлекеттік қызмет алуға болады. 


30.03.2019

Мектеп ұжымы сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Мектеп ауласын және бекітілген көшені қоқыстардан тазартты.

                                           

 

                                              

22.03.2019

Наурыз мейрамын тойлау сәтінен...

                                                          

22.03.2019

Бестамақ орта мектебінде Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне"Қош келдің,Әз Наурыз орай концеттік бағдарлама өткізілді.

                                                                      

                                                   


14.03.2019

Жылымыз, жасымыз құтты болсын! 
Жылдан жылға аман-есен,табыспен жете берейік. Алланың қазаққа деген назары оң болсын! Ақ мол болсын!

Бестамақ орта мектебінің ұжымы мен оқушылары "Амал мерекесін"атап өтті. Бір -бірімен төс қағысып,жақсы тілектер айтылып,ақ дастарxаннан дәм ұсынылды. 

                                                                 

07.03.2019

Мектебіміздің оқушы қыздарын 8-11класс ер балалары Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап,өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етті. Ұйымдастырушы мектеп псиxологі Аминова А.А.

                                                                                                             

07.03.2019

2018-2019 оқу жылы Бестамақ орта мектебінде 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай " Анама арнаймын" тақырыбында 1 класс оқушылары көрме ұйымдастырды.

                                                                                                                          

07.03.2019

2018-2019 оқу жылы Бестамақ орта мектебінде 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай " Көктем аруы-2019" байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Байқауға 9 аруымыз қатысып, номинациялармен марапатталды."Көктем аруы-2019" атығына ие болған 6"А" класс оқушысы Нургалиева Ақбота иеленді. Құттықтаймыз!!!

                                                                                                                               

06.03.2019

2018-2019 оқу жылы Бестамақ орта мектебінде8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай " Ана мен бала" мерекелік кеш ұйымдастырылып,өткізілді.

                                                                                                                                       

06.03.2019

«Қамқорлық» акциясы аясында Бестамақ орта мектебі ұжымы мектебіміздегі көп балалы ана, әріптесіміз, «Алтын алқа» иегері Алтынай Атабаевнаны 8 –наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтайды. Осы атаулы күнде сіздің отбасыңызға береке, деніңізге саулық, еңбегіңізге жеміс тілей отырып, балаларыңыздың рахатын көруіңізге тілектеспіз.

                                                                                                                     

05.03.2019

2018-2019 оқу жылы Бестамақ орта мектебінде 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған " Ал,кәнекей қыздар!"тақырыбында эстафеталық сайыс ұйымдастырылып,өткізілді.Сайыс нәтижесі бойынша І орынды Экстрим ІІ орынды Ханшайымдар ІІІ орынға Спорт және Чемпион командасы иеленді құттықтаймыз!!!

                                                                                                             

01.03.2019
Алға аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Жастар маусымы" жайдарман ойындарының ашылуы өтті. Мектебімізден “Mix” және “Smile” командалары қатысып, жақсы ойын көрсетті. Алдағы ойындарға сәттілік тілейміз!

                                                                                                         

01.03.2019

Бестамақ орта мектебінде Алғыс айту күніне орай мектебіміздің оқушылары барша ұстаздар қауымын мектеп медбикесін,есепші және техникалық қызметкерлеріне,асхана қызметкелеріне шынайы алғыстарын білдірді.

                                                                                                             

01.03.2019 

2018-2019 оқу жылы Бестамақ орта мектебінде Алғыс айту күніне орай "Алғыс айту парызым" тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.

                                                                                                         

01.03.2019

2018-2019 оқу жылы Бестамақ орта мектебінде "Жас Ұлан"ұйымы Алғыс айту күніне орай өздерінің алғыстарын мектеп ұстаздарына арнады.

                                                                                                       

01.03.2019

2018-2019 оқу жылы Бестамақ орта мектебі Алғыс айту мерекесіне орай бастауыш класс оқушылары да өз алғыстарын жеткізді.

                                                                                                           

01.03.2019

Аудандық 3кластар арасында "Now I know English “тақырыбында ағылшын тілі пәнінен жарыс ұйымдастырылды. Мектебіміздің 3а класс оқушысы Қадауова Жанерке жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі Ерниязова Жанар Темірбековна. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 

                                                                                             

01.03.2019

2018-2019 оқу жылы Бестамақ орта мектебінде Алғыс айту күніне орай "Алғыс жүректің естелігі" тақырыбында оқушыларымыз ұстаздарына ризашылықтарын білдіріп,тілектерін жеткізді.

                                                                           

23.02.2019

Мектебіміздің 9,10,11 класс оқушылар арасындағы белсенділер «TALAPKER-2019” облыстық жас түлектер слетіне қатысып, тамаша әсер алып қайтты.

                                                                         

23.02.2019
 Бестамақ орта мектебінде жетекші мектеп жоспары аясында жаратылыстану кафедрасының ұйымдастыруымен "Жаңартылған білім мазмұны аясында ғылыми-жаратылыстану пәндерінен білімалушылардың функционалдық сауаттылықтары мен сыни талдау, бағалау дағдыларын дамыту" тақырыбында аудандық семинар-практикумы өтті.Семинар барысында үлгі сабақтар,коучинг,сыныптан тыс шаралар жүргізіліп,қатысушылар тарапынан жоғары бағалауға ие болды.

                                                               

23.02.2019

Мектепке дейінгі ұйым кафедрасының апталығының 4-ші күні "Жас келсе, іске! " атты жас мамандар сайысымен өтті. Сайыстың басты мақсаты: Ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арналуы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шеберлі екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш-жігерін жұмсауға баулу. 

                                                                                 


23.02.2019
Мектебімізде "Жас спортшылар"үйірмесінің жетекшісі Жолдыбай Нұраттың ұйымдастыруымен 5-7класс оқушылары арасында тоғызқұмалақ және шаxмат ойындарынан мектепішілік жарыс өтті. Жеңімпаздар анықталып,мақтау қағаздарымен марапатталды.

                                                                                         

21.02.2019

Мектебімізде МАД топ тəрбиешілерінің ұйымдастыруымен балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарып, театр түрлерін ажыратуға, тыңдай білуге, ертегіні баяндауға, дағдыландыруға , балаларды сюжеттік- желілік рөлдік ойындарды ойнату арқылы тілдерін дамытуды байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру мақсатында "Ертегілер əлемі"атты іс шара өткізілді. 

                                                                                             


02.02.2019
02.02күні Бестамақ орта мектебінде "Жаңартылған бағдарлама бойынша эстетикалық бағыттағы пәндерді оқытудағы ерекшеліктер" тақырыбында аудандық семинар-практикумы өтті. 

                                                           

02.02.2019 Ақтөбе облыстық «Қайсар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құлтаев Нұрғиса Бекмұратұлы,Тәжік-Ауған шекарасы ветераны, ардагерлер Одағының төрағасы Тәшенов Қамбар Базарбайұлы,полиция басқармасының аға криминалисі, полиция майоры, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қолғанатов Серік Сейтжанұлы оқушылармен кездесті. Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына байланысты және қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың көбеюіне байланысты оқушылармен әңгімелесу, пікірталас арқылы патриоттық тәрбие беру мақсатында шақырылған қонақтар болатын. 
Сіздерге оқушыларымызға айтқан тәлім-тәрбиелеріңіз, патриоттық күш-жігер беріп, әрбір баланың санасына жететіндей түсіндіріп, уақыт тауып келгендеріңіз үшін АЛҒЫС білдіреміз!       

                                                          

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай  "Мерген ұстаз-2019" пневматикалық мылтық атудан Аудан көлемінде мектептердің мұғалімдері арасында ұйымдастырылған жарыста Аудан бойынша 11 мектептен команда қатысып, ең жоғарғы көрсеткішпен жүлделі 1-орында Бестамақ командасы, 2-орында Нұрбұлақ ОМ командасы, 3-орынды №4 Алға ОМ командасы жеңіп алды. Ұйымдастырушы: АӘД пәнінің мұғалімі Шабилов Ермек

                          
                                 
               Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай баскетболдан өткізілген мектепаралық аудандық жарыста Бестамақ орта мектебінің 5-6 класс оқушылары 2-орын, 7-8 класс оқушылары 3-орынға ие болды. Жетекшілері: Сейтов Жандос, Жолдыбай Нұрат.  

                                  

 2019 жылғы 15 ақпан күні №4 Алға ОМ базасында "Робо-сумо мини және Робосумо. Адымдаушы роботтар" катерогиясымен өткен аудандық байқауға оқушыларымыз қатысып, Абдрахман Парасат, Болат Сұңқар, Мәлік Досымжан 1-орын, Сұлтанмұрат Арнат, Таймағанбетова Нұргүл 2-орынға ие болды. Жетекшісі:Аязбаев Серік.   

                  
Бестамақ орта мектебінің мұғалімдері түнгі мезгілде рейдтерге шығып, ауыл көшелерін, дүкен, кафелерді аралап, оқушылардың мезгілсіз жүруін қадағалап, құқық бұзушылықтың алдын алады.
                                                                                        

30.01.2019
Мектебіміздің өнерлі бүлдіршіндері "Жас талант" республикалық балалар және жасөспірімдер байкау -фестиваліне қатысып, 4-5жас аралығындағы "Эстрадалық вокал" трио номинациясы бойынша трио Жеңісқызы Ақгүл, Сарсенғали Айару және Куанышбаев Сымбат жүлделі 3 орынға ие болды. Жетекшісі Смагулова Ф. Құттықтаймыз.

                                                                                                           


29 января учительница русского языка и литературы Нурмагамбетова И.Н. провела конкурс "Знаете ли вы традиции и обычаи русского народа ?".В конкурсе участвовали учащиеся 4-х казахских классов.Они показали хорошие знания языка,умение владеть ситуацией.Ведущие Жакен Ж. и Есилова А. очень хорошо владели аудиторией.

                                                                    

28.01.2019 Открытие недели русского языка и литературы на тему "Кудесница -зима". "Русское чаепитие " в рамках недели русского и литературы с 28.01 по 1.02.2019 

                                                                                                         

Бестамақ орта мектебінде Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай « Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік!» атты мерекелік шара ұйымдастырылып,өткізілді.

                                   

                                                             

Бестамақ орта мектебінде  Тәуелсіздік  мерекесіне орай 2,5 классоқушыларын «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны жауапкершілікпен өткізілді.

                                                                                   

 Тұңғыш Президент күніне орай Бестамақ орта мектебінде ауқымды шаралар өткізілді. «Елбасы-ел мақтанышы» тақырыбында үйірме мүшелерінің қатысумен мерекелік концерт ұйымдастырылды.Класс сағаттары,кластан тыс шаралар,өз деңгейінде өткізілді.

                                                                                                        

 Қараша айының 22 жұлдызында тәжірибелі ұстаздар және жас мамандар арасында тәлімгер А.Куптлеуованың ұйымдастырумен «Кім мықты?» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді.Аталған іс шараға педұжым қатысты. Интеллектуалды ойынға арнайы әділ қазылар сайланып,әділ бағасын берді.

                                                                                                                             

Бестамақ орта мектебінде 3- кластар арасында «Ертегілер әлемі» ертеңгілігі ұйымдастырылып, өткізілді. Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің кейпіне шынайы еніп, өз шеберліктерін көрсетті. Ұйымдастырушы мектеп тәлімгері А.Куптлеуова, мектеп кітапханашылары Т.Аймаганбетова, Е.Жарманова.В Бестамакской средней школе среди учащихся 3-х классов был проведен конкурс «В мире сказок». Учащихся инсцинировали свои любимые сказки. Особенно зрителям понравилась инсцинировка в сказке «Буратино», которую подготовили учащиеся 3 «В» класса.

                                                                                                                           

Бестамақ орта мектебінде өтіп жатырған «Тіл тағылым-тіл тарих» атты апталықтың бейсенбісі күні мектебіміздің жас мамандарымен «Қызық екен» атты танымдық сайысы өтті. Жас мамандарымыз өздерінің жан-жақты танымдық білімдерін көрсетіп, сайысты қызықты өткізді. Сайыс нәтижесінде ерекше көзге түсіп, жоғары интеллектуалды танымдықтарын көрсете білген жас мамандарымыз алғыс хаттармен марапатталды.

                                                                                                                         

10 класс оқушылары арасында «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» тақырыбында дебат турнирі өткізілді. Дебаттың негізгі мақсаты: Жаңа заман талабына сай латын әліпбиінің өмірде қажеттілігі мен қолданысын кең көлемде талқылау. Сөз таластыру. Оқушылардың ойлау шеберлігін, ойды нақтылап, фактілер мен дәлелдеулерді орынды қолдануға жаттықтыру. Тартысты дода оқушыларымыздың пікір таластыру қабілетін айқындап, өз ойларын ғылыми негіздей алатындығын көрсетті. Болашақ жастардың қолында екенін тағы бір дәлелдей түскендей болды.

                                                                                                                            

Бестамақ орта мектебінде мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндерімен «Сен жол қозғалысы ережелерін білесің бе?» тақырыбында дәріс сабақ өткізілді.

                                                                                                                             

Бестамақ орта мектебінде «Көңілді тапқырлар алаңы» ойыны 5-7 кластар арасында ұйымдастырылып, өткізілді. Әрбір кластан шыққан команда өз әзілдерін көрермендерге шынайы жеткізе білді. Ойын соңында әділ қазыларымыздың шешімімен жүлделі орынға ие болған командалар марапатталды. Ұйымдастырушы мектеп тәлімгері А.Куптлеуова.

                                                                                                                                                 

Математика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық шығармашылық байқауында оқушылардың математика сауаттылығын арттыру және сапалы білім берудің мазмұнын жаңарту жолында жаңашылдықпен кәсіби біліктілігін танытқаны үшін мектебіміздің математика пәні мұғалімі Ұ.Алтыбаева алғыс хат және ақшалай сыйлықпен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

                                                                                                                                      

Жалғызбасты қарттарға көңіл бөлу мақсатында «Қарияға көмек-азаматтық парыз» акциясы аясында Бестамақ орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері ауылдағы жалғызбасты қарттарға барып, үйлерін жинап, аулаларын тазалауға көмектесті. Аға тәлімгер А.Куптлеуова. 

                                                                                                                                                       

«Кішкентай білгірлер» атты конкурсының облыстық кезеңінде мектебіміздің 4 класс оқушылары 3 орынды иеленді. Жетекшісі: Молдаулетова Менсулу Ташановна. Құттықтаймыз! Оқушыларымыз биік шыңдардан көрініп, жетістіктері еселене берсін.

                                                                                                                                                       

Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамытып, пәндік білімін тереңдетіп дарынды балаларды анықтау мақсатында, Алға аудандық білім бөлімінің №1-150|5 бұйрығын орындау мақсатында мектебімізде 8-11 класс оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың І кезеңі (мектепішілік) өтті. І тур-30 қазан, ІІ тур-31 қазан. Мектепішілік олимпиадаға 85 оқушы қатысып жатыр. Ашылу жиынында мектеп әкімшілігі қатысушы оқушыларымызға сәттілік тіледі.

                                                                                                                                                       

Орта буын оқушыларына арналған «Алтын күз-2018» байқауы. 5-7 кластар арасында ұйымдастырған шара өте көңілді, тартысты өтті. 9 жұп қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атағына 6 класс оқушылары Алихан мен Құралай иеленді.

 І орынға 7 класс оқушылары Мейірхан мен Айдана

ІІ орынға Дамир мен Ақерке

ІІІ орын Смбат пен Милана иеленсе, қалған қатысушылар номинациялармен марапатталды. 

                                                                                                                            

Дәстүрге айналған 8-10 кластар арасында «Алтын күз  2018» байқауы ұйымдастырылып, «Күз ханзадасы мен ханшайымы» анықталды. «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атағына 9 класс оқушылары Бекзат пен Асел иеленсе,

І орынға Парасат пен Нұргүл

ІІ орынға Нұрислам мен Арай

ІІІ орынға Ерген мен Назгүл иеленді.

                                                                                                                         

АҚТӨБЕ ЖЕРЛЕСТЕРІМЕН БІРГЕ сайтына қосылу үшін сілтеме:  zherlester.akt.kz
 

Мектебіміздің ата-аналар комитеттері мен қамқоршылық кеңесінің отырысы. 29.09.2018

Күн тәртібінде:

1.       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл –әрбір адамның міндеті. (Мектеп директоры)

2.       Қамқоршылық кеңесінің жұмысын жандандыру. Ата-ана мен мектептің байланысын нығайту. (Қамқоршылық кеңесінің мүшесі З.Сәлмен)

3.       Мектептің оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы.  (Директор орынбасарлары)

 

                                                                                                                

Облыстық "Басқарылатын роботтар футболы" чемпионаты Бестамақ орта мектебінде @bestamak_orta_mektebi_kmm өткізіліп, өз мәресіне жетті. Чемпионатқа облыстық ҒТО директорының орынбасары Талгат Мухитович, Республикалық "KazRobotics" федерациясының вице-президенті Александр Гончаров, қалалық техникалық шығармашылық орталығының директоры Александр Пашкевич қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Облыс бойынша 12 команда, оның ішінде колледждер мен орта мектептер, гимназиялар және техникалық шығармашылық орталықтары қатысты. 1-орын және ауыспалы кубок иегері қалалық техникалық шығармашылық орталығының командасы, тренері Е.Гончарева, 2-орын Мәртөк ауданы, балалар шығармашылық орталығы, тренері В.Небылица, 3-орын Мәртөк ауданы, №2 ОМ, тренері Т.Аширов.


                                                                                                            

Басқарылатын роботтар футболының облыстық чемпионаты жалғасуда. Аудандар мен Ақтөбе қаласынан барлығы 12 команда қатысуда. 


                                                                                                           

«Қариясы бар ел- қазыналы ел» тақырыбында қарттар күніне орай шағын орталық, мектепалды даярлық, 1-кластар арасында «Менің әжем» тақырыбында әже мен немере сайысы өтті. Сайыскерлер алдымен өздерін таныстырып алды. Әжелер мен немерелер өз қолдарымен үйде дайындаған шеберліктерін көрсетіп, өнерлерін ортаға паш етті. Сайысқа келген ардагер ұстаздар әділ қазылық жасап, сайыс қорытындысына

«Білгір әже» Жанғылышбаева Айгүл

«Мейірбан әже» Дощанова Зиба

«Алтын оймақты әже» Дилмаганбетова Айсауле

«Өнерлі әже» Сейдакова Несібелі

«Талапты әже» Лисняк Нина Тимофеевна

«Шебер қолды әже» Самохотина Любовь Петровна

номинацияларымен қатысушыларды марапаттап, құттықтады!

                                                                                                          

Мектебімізде «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында ардагер-ұстаздар және жас мамандармен бірлескен дөңгелек үстел өтті. Іс- шараның жоғары деңгейде өтуіне мектеп директорының ғылыми -әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Э.Сатыбалдина және жас мамандар Ә.Ерназарова мен М.Аманова басшылық жасады. Еңбектерінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарымыздың ақыл- кеңестерін тыңдап, жас буын болашақ еңбек жолына зор тәжірибе алды. 

                                                                                                                   

ХХІ ғасырдағы ата-ана: "Өз балаңа үлгі бол" тақырыбында 2-4 класс ата-аналарына психологиялық көмек республикалық конференциясы өз деңгейінде өтті.


                                                                                                                        

«ХХІ ғасырдағы қазақ елінің ата-анасы: Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында Республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияға 5,6,7 класс ата-аналары қатысты. Конференцияға қатысқан ата-аналарымызға мектеп әкімшілігі атынан алғыс айтамыз!

                                                                                                               

2018-2019 оқу жылы Бестамақ орта мектебінде 22-қыркүйек Тілдер күніне арналған мектепішілік 5 кластар арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы өткізілді. Сайыс нәтижесі бойынша оқушыларымыз марапатталды.

 І орынға «Тілшілер» тобы 

ІІ орынға «Жас жұлдыздар» тобы иеленді. 

                                                                                                             

Бестамақ орта мектебінде Жас ұлан ұйымының ережесіне сай қыркүйек айының үшінші аптасында «Жас ұлан балалар және жасөспірімдер ұйымының ҰЛАНБАСЫН» сайлау күні өтті. Сайлауға 8-10 сыныптар қатысып нәтижесінде 10 сынып оқушысы Төлеуғазы Ерген жеңіске жетті. 

                                                                                                                       

Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана бейбітшілік бесігі» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп мұғалімдерімен оқушылар қатысты.

                                                                                                                      

Бестамақ орта мектебінде жаңартылған білім мазмұнына байланысты әдістемелік күн өткізілді. Кафедралар бойынша мұғалімдер пікірлесіп, ойларын ортаға салды. 

                                                                                                                       

Бестамақ орта мектебі 2018-2019 оқу жылындағы Республикалық отбасы күніне орай «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында 6 кластар арасында флешмобтан жарыс ұйымдастырылып, өткізілді. Оқушылар белсене қатысып, марапатталды. Ұйымдастырған мектеп тәлімгері А. Куптлеуова. 

                                                                                                                         

Республикалық «Мектепке жол» акциясы Бестамақ орта мектебінде әліде жалғасын табуда. Мектеп мұғалімі А.Лұқбановтың бастауымен шағын футболдан ауыл жастары арасында қайырымдылық жарысы ұйымдастырылып 5 оқушыға 15 мың теңге көлемінде оқу құралдары табысталды. Сіздей жомарт жандарды, жүрегіне иманы мол қайырымды азамат болғандарына шынайы алғыс білдіреміз!

                                                                                                                                

2018-2019 оқу жылының салтанатты жиынына Бестамақ селолық округінің әкімі, Қ.Даулеталин, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Т.Султанов қатысып, оқушыларға ата-аналарға ұстаздарға, сәттілік тілеп, құттықтады. 

                                                                                                                                

2018-2019 оқу жылының Бестамақ орта мектебіндегі бастауыш және орта буын білім алушылары және мектеп мұғалімдеріне арналған мектеп формасының үлгісі. 

                                                                                                                     

Мектебіміздің мұғалімдері Аязбаев Серік, Утегенова Гульзада, Булекбаева Кундей, Бердембаева Гүлзира «Үздік педагог» деп танылып, 50 000 теңге сертификатын иеленді және мектеп директоры Истегулова Анар Ғасырқызы білім саласындағы жетістіктері үшін Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Құттықтай отырып, жаңа оқу жылына толағай табыстар тілейміз!

                                                                                                                            

Ақтөбе облысы «Шаңырақ» қоғамдық қорының басшысы Еділ Аймагамбетов Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Бестамақ орта мектебінің 8 оқушысына мектеп сөмкесін құралдарымен бірге табыстап, демеушілік көрсетті.

                                                                                                                                    

Республикалық «Мектепке жол» акциясы барысында Бестамақ ауыл тұрғыны Ж.Б. Тлеубаева Бестамақ орта мектебінің көп балалы отбасы балаларына оқу құралдарын табыстап, өз жомарттығын көрсетті. 

                                                                                                                                            

Қарағандылық қонақ балалар бүгін Бестамақ орта мектебінде болды. 

                                                                                                                                   

«Бақытты бала» жобасы аясында Бестамақ орта мектебі жанынан құрылған «Ақ көгершін» лагері табиғат аясында ұйымдастырылды. Киіз үйде ұйымдастырылған лагерьде демалушы балалар ойындар ойнап, табиғат аясында демалып, уақыттарын тиімді пайдаланды. 

                                                                                                                               

2018 жылдың 18 маусым күні Бестамақ орта мектебінде 2009 жылы мектеп табалдырығын аттаған 49 түлектерге негізгі мектепті бітіргендігі туралы аттестат табыстау салтанаты өтті. Салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар қатысып, түлектерге ақ жол тіледі. Сәт сапар саған, жас түлек! 

                                                                                                                        

Бестамақ орта мектебі жанынан ұйымдастырылған «Ақ көгершін» жазғы демалыс лагерінің оқушыларымен Мың бұралған бишілер би байқауы ұйымдастырылып,өткізілді.4 топ бақ сынасты.Нәтижесінде «Үздік би ұжымы «номинациясына ие болған топ «Happy», « «Кішкентай жұлдыздар» номинациясына «Жұлдыз-ай» тобы, « Көрермен көзайымы»номинациясына «Жас Қыран» тобы, «Көңілді бишілер» номинациясын «Маленькие звездочки» тобы иеленді.

                                                                                                                             

Бестамақ орта мектебі жанынан ұйымдастырылған «Ақ көгершін» жазғы демалыс лагерінің оқушылары Есет Көкіұлының ескерткішіне экскурсияға келді. Экскурсия барысында оқушылар батырдың өмірі мен ерліктерімен танысып, тағзым етті.

                                                                                                                                      

Ақтөбе облысына іс сапармен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.С.Әшімбаев және Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаев партияның бастамашыл жобаларымен ұштасып жатқан «Бақытты бала» жобасы аясында Бестамақ орта мектебінің жанынан салынған әмбебап спорт алаңының алғашқы добын ойынға қосты. 

                                                                                                                   

Бақытты елдің ұрпағы қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен «Біз бақытты баламыз» атты халықаралық байқауынан Бестамақ орта мектебінің өнерпаздары: «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша Алпысбай Жандаулет 1 орын, вокал номинациясы бойынша Сайлаубай Сержан 1 орын және Алакөлге жазғы демалысқа жолдама алды. Дәстүрлі ән номинациясы бойынша Төлеуғазы Ағылен 2 орынмен марапатталды. Жетекшісі: Булекбаева Кундей Имамадинқызы. Жарайсыздар!

                                                                                                                           

«KAZROBOTICS-2018» республикалық сайысының облыстық іріктеу кезеңінде «Шагающие роботы» бойынша ІІІ орынға ие болған Бестамақ орта мектебінің 11 класс оқушысы Али Айдан мен 9 класс оқушысы Төлеуғазы Ерген марапатталды. 5 класс оқушылары Малик Досымжан, Қалиев Жанат, 7 класс оқушылары Таймағанбетова Нұргүл, Абдрахман Парасат, 9 класс оқушылары Сергей Амир, Есбосын Дәулет облыстық сертификаттармен марапатталды.

                                                                                                                    

Мектебімізде мамыр айының 4 күні аудандық «Математика-логика» атты математика пәнінен 5-6 сыныптар арасында олимпиада өткізілді. Жарысқа аудан мектептерінен 96 оқушы қатысып, ең үздік деген 20 оқушы марапатталды.

І орын- 4 оқушы,

ІІ орын -6 оқушы,

ІІІ орын -10 оқушы иеленді. Жеңімпаздарымызды аудандық білім бөлімінің әдіскері Роза Құсайынқызы мақтау қағаздарымен марапаттады.

                                                                             

Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай Бестамақ ауылдық округінде мерекелік шара ұйымдастырылды. Бестамақ орта мектебінің ұжымы да өз үлесін қосып, Отан үшін от кешкен Ұлы Отан соғысы құрбандарына арнап, ескерткіш жанына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Мектеп әкімшілігі Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен ата-әжелердің үйіне барып, мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар берді.

                                                                                 

12.04.2018 жылы облыс әкімінің тапсырмасымен өткен «Бала шақтан-болашаққа» атты мәнерлеп оқу мен қолөнер байқауына Бестамақ орта мектебінің оқушылары қатысып, жүлделі орын алған оқушыларды «Бақытты бала-мәңгілік ел кепілі» жобасын іске асыруда Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы 2016-2018 оқу жылын қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған «Академия жұлдыздары» атты үздіктерді марапаттау кешіне шақырып, дипломдар мен «Академия жұлдыздары» атты төсбелгілер тағылды. Оқушыларға деген керемет ойындар, би жарыстары ұйымдастырылып, сыйлықтар берілді. Шәкірттеріміздің ата-аналары мен ұстаздары елеусіз қалмай, дипломдармен марапатталды. Мектебіміздің директоры Анар Ғасырқызына диплом табысталып, мектебімізге 2018-2019 оқу жылында жарияланатын мақалаларға 10 % пайыздық жеңілдік берілді.

                                                                          

Бестамақ елді мекеніндегі Ақтөбе медресе колледжінің 10 жылдығына орай аталған мерекеде облыс әкімі Б.Сапарбаев ауданымыздың мектептерінің түлектеріне жазғы демалыс лагерін ұйымдастырып, бірнеше сертификат берілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында бастау алған «Бақытты бала» жобасын жүзеге асыру барысында Алға ауданындағы «Ақ көгершін» шатырлы лагеріне 3 000 000 (үш миллион) теңгенің сертификатын мектебіміздің 9 сынып оқушысы Ерузақ Медетке табысталды. Аталған шатырлы лагерде Ерузақ Медет топ басшысы қызметін атқарады.

                                                                                                                   

Мектебімізде Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай «Жас Ұлан 2018» әскери-саптық жарыс өткізілді. Дәстүрге айналған әскери-саптық жарыста оқушылар жақсы жүріс өрнегін көрсетті. Нәтижесінде 7-8 класс аралығында:

І орын-8 «А» класы,

ІІ орын-8 «Ә» класы,

ІІІ орын-7 «А» класы

9-10 класс аралығында:

І орын-9 «Ә» класы,

ІІ орын-10 «Ә» класы,

ІІІ орын-10 «А» класы ие болды. Сонымен қатар саптағы оқушылар мен командирлерге мадақтамалар берілді.

                                                                                                                       

Ақтөбе қаласы №40 мектеп негізінде «Бақытты бала» жобасы аясында «Басқарылатын роботтар футболы» жарысының облыстық кезеңі өтті. Жарысқа қаламыздың атаулы ірі мектептері мен гимназия оқушылары қатысты. Осы жарыста Бестамақ орта мектебінің оқушыларыда өз бақтарын сынады. Аязбаев Серик Иркеновичтің жетекшілігімен барған 7-11 класс оқушылары жүлделі І орынды иеленіп, мектебіміздің мерейін бір көтерді.


                                                                                                                          

Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар және «Бақытты бала» жобасы аясында 1-мамыр «Халықаралық бірлік» күніне орай мектебімізде «Бірлігіміз жарасқан» атты фестиваль ұйымдастырылды. Оқушылар әр ұлттың ұлттық киімдерін киіп өнерлерін көрсетті. Фестиваль нәтижесі бойынша жеңімпаздар марапатталды:

Бас жүлде-5 «Б» сыныбы-татар халқы,

І орын-7 «В» сыныбы-украин халқы,

ІІ орын-5 «Ә» сыныбы-орыс халқы,

ІІ орын-6 «А» сыныбы-өзбек биі,

ІІІ орын-5 «А» сыныбы-тау халқы,

ІІІ орын-6 «Ә» сыныбы-цыган халқы.

                                                                                                            

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша педагогтарды дайындау аясында өткізілген «Мәртебелі математик» аудандық математиктер байқауында мектебіміздің математика пәні мұғалімі Жолды Ляззат жүлделі І орынға ие болды.

                                                                                                                      

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына арналған Бестамақ селолық округінің кубогы «Балалық шақтан болашаққа» тақырыбында жайдарман ойыны өтті. Ойынға 11 команда қатысып, мектебіміздің «MIX» құрамасы жүлделі 2 орынға ие болды. Жетекшісі: М.Нұртаза. Жарайсыңдар!!!

                                                                             

Бестамақ орта мектебінде «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысын түсіндіру, студенттер арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастардың өз білімін одан әрі жетілдіруге ынталандыру, рухани-адамгершілік тәрбие жүйесінде негізгі құндылықтарды насихаттау мақсатында «Рухани жол-жастар жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, «Қоғамдық келісім» КММ-ң маманы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы штабының мүшелері қатысты.


                                                                                                                      

Республикалық Бота Бейсенованың авторлық әндері орындалатын байқауда 6-8 жас аралығында Болатбекқызы Айсулу 1 орынмен, 9-11 жас аралығындағы Сайлаубай Сержан 1-орын, Ерденұлы Нариман 3-орынмен, 12-13 жас аралығында Алпысбаев Бауыржан 1 орынмен марапатталды. Жетекшісі: Булекбаева К.И. Жарайсыңдар!!! Өнерлерің өрге жүзсін!

                                                                                                                             

Бестамақ орта мектебінде 3 сынып оқушыларына «Бақытты бала» жобасы аясында «Здравствуй, друг» тренинг жаттығулары өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты достық қарым-қатынаста болу. Сонымен қатар ауызбіршілікке, достыққа шақыру мақсатында «Тәтті бауырсақ» атты тренинг өткізді.

                                                                                                                               

Бестамақ орта мектебінің 5 класс оқушысы Сулейменова Назерке Ақтөбе облысы бойынша ұйымдастырылған «Достық-2018» олимпиадасында қазақ тілі пәнінен терең интеллектуалды білімін және шығармашылық қабілетін танытып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Ақылбекова А. Құттықтаймыз!   

                                                                                                                                          

Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнінде Бестамақ орта мектебінің ұжымы және оқушылар ауыл әкімдігімен бірлесіп мектеп ауласына жаңа ағаштар отырғызды.

                                                                                                                                

«Бақытты бала» жобасы аясында мектепішілік 5 сынып оқушылары арасында «Мақал-сөз мәйегі» тақырыбында сайыс ұйымдастырылып өткізілді. Бұл шараны өткізудегі мақсат оқушылардың ой-өрісін дамыту, шешендікке тәрбиелеу. Сайысқа 3 команда қатысып, 1 орынды «Алғырлар» тобы жеңіп алды.

                                                                                                                  

Бестамақ орта мектебінде «Бақытты бала» жобасы аясында «Құстар-біздің досымыз» тақырыбында 1-4 кластар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

                                                                                                                                    

Ақтөбе қаласында облыстық «Бала шақтан-болашаққа» атты І республикалық байқау өтті. Байқауға қолөнер, сурет, мәнерлеп оқу бағыты бойынша Бестамақ орта мектебінің 1-4 сынып оқушылары қатысты. Байқау нәтижесі ұжымды қуантып, қоржындарын гран-примен екі 10 000 теңгенің сертификатына және бірнеше дипломдар мен жүлделі орындармен толтырды. Ұстаздардың да еңбегі еленіп, алғыс хаттармен марапатталды. Шығармашыл шәкірт дайындаған Бестамақ орта мектебінің ұжымы кубок пен алғыс хатқа ие болды.

                                                                                                                           

"Бақытты бала" жобасы аясында Алға қаласында ұйымдастырылған аудандық ағылшын тілінен балабақша және даярлық топ арасындағы топтық сайысқа мектебіміздің бүлдіршіндері Ермек Саад, Қолқанатова Дильназ және Ақмырзаұлы Абдуррахман қатысып, жүлделі ІІІ орынға иеленді. Жетекшісі Айтжан Айым Өтемісқызы.Құттықтаймыз!!!

                                                                                                                              

12 сәуір күні Кеңес одағының батыры ұшқыш-ғарышкер В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің 85 жылдығына тұспа-тұс келіп тұрған "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдарламасының 1 жылдығына және "Бақытты бала – мәңгілік ел" жобасы аясында ұйымдастырылған оқушылар слетіне мектебіміздің оқушылары белсенді қатысып, сурет байқауынан Утебаева Ақжан жүлделі ІІ орын, макет жасаудан Абдрахман Парасат Бас жүлде, эссе байқауынан Аманжан Парасат жүлделі І орын, роботехникадан Таймагамбетова Нұргүл сертификатпен марапатталды.

                                                                                                                                

Сәуір айының 6-7 күндері Бестамақ орта мектебінде "Қозғалыс бұл өмір" атты ұранмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай "Скандинавиялық жүріс" спорттық іс-шара өткізілді.

                                                                                                                                  

Республикалық балалар мен жасөспірімдергер арналған "Жас талант" байқауы өтті. Осы байқауға мектебіміздің 5"А" сынып оқушысы Кенжебай Раушан қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!

                                                                                                                                      

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 8-11 сынып ер балалары арасында ата-аналар және мектеп инспекторының қатысуымен жиналыс өтті. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қозғалып, пікірталас жүргізілді.

                                                                                                                              

Бестамақ орта мектебінде "Наурыз мейрамы - 2018" айлығының компенсациясы аясында мектеп кітапханашылары мен "Жас тілшілер" үйірмесі жетекшісінің ұйымдастыруымен "Жыл басына жыр шашу" тақырыбында орта буын оқушылары арасында өз қаламдарынан шыққан әр түрлі тақырыптағы өлеңдерден жыр мүшайрасы өткізілді. Мүшәйраның шымылдығын мектебіміздің бишілері ашты. Шара барысында оқушылар белсенділік танытып ат салысты.

                                                                                                                                

Бестамақ орта мектебінде сәуірдің 5 күні 5-7 сыныптар арасында "Ән көңілдің ажары" атты патриоттық байқауы ұйымдастырылды. Шара рухани жаңғыру және "бақытты бала" жобасы аясында өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар түрлі номинациялармен марапатталды.

                                                                                                                             

"Спорт жұлдыздары" республикалық-ғылыми әдістемелік журналы және "Ақиқат" шығармашылық орталығы бірігіп Ақтөбе қаласында "Нұр талап 2018" атты республикалық домбырашылар арасында байқауы ұйымдастырылды. Оқушыларымыз қатысып, Алпысбаев Бауыржан ІІ орын, Алпысбай Жандаулет ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі Булекбаева К. И.. Құттықтаймыз!!!

                                                                                                                               

Ақтөбе қаласында өткен республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған "Жас талант" байқауында Бестамақ орта мектебінің 4"Б" сынып оқушысы Сайлаубай Сержан вокал номинациясы бойынша жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі Булекбаева К. И.. Жарайсыңдар!!!

                                                                                                                         

Бестамақ орта мектебінің оқушылары Ақтөбе қаласында өткізілген облыстық "Гонка по линии" атты роботехника чемпионатында жақсы нәтиже көрсетіп, Али Айдан мен Абдрахман Парасат жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Аязбаев С. И.. Құттықтаймыз!!!

                                                             

Ақтөбе облысының 11 сынып оқушылары арасында Технология пәні бойынша өткізілген пәндік олимпиада қорытындысы бойынша Бестамақ орта мектебінің 11"ә" сынып оқушысы Аязбаева Дания жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Сулейменова Нурсауле. Құттықтаймыз!!!

                                               

Бестамақ орта мектебінде "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Батыр Есет" тақырыбында аудандық конференция өтті. Аудан мектептерінен тарихшылар және 9-11 сынып оқушылары, сонымен қатар Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірліе мемлекеттік университетінің тарих және дінтану кафедрасының аға-оқытушысы Айшуақ Бақыт Дәрменұлы қатысты. Конференция барысында баяндамалар оқылып, көрініс, шеберлік кластар көрсетілді. Мектебіміздегі Тама Есет батырға арналған оқу кабинеттері және Рухани жаңғыру кабинеті таныстырылды. Конференция соңында Есет батыр кесенесіне және ескерткіші мен музейіне экскурсия жасалды.

                                                                                                   

2018 жылдың 26-28 наурыз күндері өткен ХІІ халықаралық "Ақ көгершін" балалар шығармашылығы фестиваль-байқауында мектебіміздің оқушылары қатысып, Жанғали Аружан ІІ дәрежелі дипломмен, Атшибаева Куралай ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Жұмабаев Ж.Н. Өнерлеріңіз өрге жүзсін!!! Құттықтаймыз!!!

                                                                                                        

Бестамақ орта мектебінің мақтанышы Аманжолова Жасмира Халықаралық "Аққанат" фестиваль-байқауында БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Құттықтаймыз!!!

                                                                                                       

ҚР тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының "Ең үздік қазақ тілді сайт" номинациясының жеңімпазы Martebe.kz

Республикалық білім порталында Хантәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаев мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған ІІ Республикалық "Қара өлеңнің құлагері" атты байқауында "Көркемсөз" номинациясы бойынша ерекше қабілетімен көзге түскен мектебіміздің "6-А" сынып оқушысы Имамадинова Дильназ Бейбітәліқызы Дипломмен марапатталды. Жетекшісі Акылбеков Асел Кабиболлаевна.

                                                                                                           

2018 жылдың 24 наурызы күні Ақтөбе қаласында өткен І Республикалық "Қазақстан таланттары" Рухани-патриоттық байқауында Бестамақ орта мектебінің оқушылары жоғары өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

  1. "Күй" номинациясы бойынша Алпысбай Бауыржан І орын, Төрехан Әмір, Алпысбай Жандаулет ІІІ орын;

  2. "Вокал" номинациясы бойынша Сайлаубай Сержан І орын;

  3. "Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша Төлеуғазы Ағылен ІІ орын;

  4. "Көркем сөз өнері" номинациясы бойынша Имамадинова Дильназ І орынды иеленді. Жетекшісі Акылбекова Асел Кабиболлаевна


                                                                                                           

Бестамақ орта мектебінде 21 наурыз күні "Бақытты бала- Мәңгілік Ел кепілі" форумы аясында "Бар балаға мейірім сыйла" акциясы өтті. Жеке кәсіпкер Г. Сейтованың демеушілігімен оқушыларға тегін дастархан жайылып, Наурыз көже таратылды. Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, ән айтып, би билеген балаларға үлкендер ақ батасын берді.


                                                                                                                        

"Бақытты бала- Мәңгілік Ел кепілі" форумы аясында ауылымызда 5-7 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс өтті. Бестамақ орта мектебінен 3 команда және Бесқоспа мектебінен команда қатысып, жақсы ойын көрсетті.

Нәтижесінде Бестамақ орта мектебінен шыққан командалар:

І орын – 6 класс командасы,

ІІ орын – 7 класс командасы ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Жарайсыңдар !!!


                                                      

Мектебіміздің мақтаныштары! Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінен жүлдемен оралған оқушыларымыз:

І орын

Аденова Диляра — химия пәні, жетекшісі Курманова Л.

Орынбасарова Құндыз-құқық негіздері пәні, жетекшісі Жарманова Г.

ІІ орын

Мадиев Бақберген-география пәні, жетекшісі Утегенова Г.

Караматдинова Камшат-құқық негіздері пәні, жетекшісі Исенова С.

Алпысбай Ардақ-қазақ тілі мен әдебиеті пәні, жетекшісі Бердембаева Г.

Баккалиев Жанболат-информатика пәні, жетекшісі Истегулова А.

Тулегенова Жұлдыз-ағылшын тілі пәні, жетекшісі Акаидарова Ұ.

Ахатова Алсу-қазақ тілі мен әдебиеті пәні, жетекшісі Қалдыбаева А.

Серік Гүлмира-математика пәні, жетекшісі Алмағанбетова Л.

ІІІ орын

Әмірханқызы Дидар-математика пәні, жетекшісі Алтыбаева Ұ.

Туралин Турар-физика пәні, жетекшісі Курманалина А.

Али Айдан-ағылшын тілі, жетекшісі Сулейменова Э.

Нұрлыбекұлы Асанәлі-ағылшын тілі, жетекшісі Нұртаза М. Жарайсыңдар!!!


14 наурыз Бестамақ орта мектебінде Амал мерекесі аталып өтілді. Ауылымызға қарасты мекемелер арасында ұжым мүшелері бір-бірімен көрісіп, жаңа жылдарымен құттықтады. Шашу шашылып, ақ дастархан жайылды. Ән шырқалып, ақ тілектер айтылды.

                                      

Бестамақ орта мектебінде мектепке дейінгі ұйым арасында 8-наурыз мерекесіне орай «Кішкентай ханшайым» атты конкурс ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар номинациялар бойынша марапатталды.

                                                 

Мектебіміздің күйшілері облыстық «Күй күмбірі» атты күйшілер байқауына қатысып, Турехан Амир 3 орынды иеленсе, Ербулат Турар алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі Булекбаева Күндей Имамадиновна. Жарайсыңдар!!! Өнерлерің өрге жүзсін!

                                                  

Болашақ арулардың бойында қазақы тәрбиені сіңіру, әдеміліктің жан-жақты сұлулықтың белгісін түсіндіру мақсатында 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектебімізде «Көктем аруы 2018» атты байқау ұйымдастырылды. Мектебіміздің 5-7 класс аралығындағы ару қыздарымыз қатысып, бақ сынасты. Бірінен-бірі өткен аруларымыз өздерінің шеберліктері және өнерлерімен тамсандырды. Байқау қорытындысы бойынша

І орын Рахманова Жұлдыз, 5 «А» сынып оқушысы,

ІІ орын Куртекова Ляззат, 6 «Ә» сынып оқушысы,

ІІІ орын Серік Жанель, 5 «Б» сынып оқушысы иеленді. Құттықтаймыз!


                              

Есет батыр мектеп-бақшасында «Шығармашылық ізденіс-педагогикалық шеберліктің шыңдалу жолдары» тақырыбында аудандық жас мамандар семинар-практикумы өтті. Мектебіміздің жас мамандары қатысып, орыс тілі пәні мұғалімі Етенбаева А.Н. және ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұртаза М.Н. «Жаңартылған білім мазмұнында тиімді оқытуды ұйымдастыру жолдары» тақырыбында коучинг өткізді. Жас мамандарымызға аудандық білім бөлімінен алғыс хат пен сертификат берілді.

                                                  

Қуанышты хабар! Еркін күрестен 2003-2006 ж.т.жасөспірімдер арасындағы балалар мен жасөспірімдер мектебінің біріншілігінде мектебіміздің спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

І орын- Исатаев Айдар, 6 «Ә» сынып оқушысы,

ІІ орын - Битирбай Аслан, 6 «Ә» сынып оқушысы,

ІІІ орын - Жолмырза Бекзат, 6 «Ә» сынып оқушысы.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласында бокстың төртдүркін чемпионы Александр Ивановичтің құрметіне өткізілген облыстық бокс жарысында жүлделі І орынға ие болған 7 «А» сынып оқушысы Серік Темірлан марапатталды. Құттықтаймыз!

                                           

Бестамақ орта мектебінің мұғалімдері 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткізілген аудандық әйелдер турнирінде жақсы ойын көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жарайсыңдар!!!


                                       

«Қазақ поэзиясының хан тәңірі» атты ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған әдеби кеш әсерлі өтті. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан сахналық қойылым көрсетіліп, өлеңдері мәнерлеп оқылды. «Сарыжайлау» әні мен «Фариза қыз» әні айтылды. Кешті ұйымдастырғандар- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анафияева Гульсара Кайбуллаевна мен мектеп кітапханашысы Жарманова Елизавета Абдуллаевна.


                                     

Бестамақ орта мектебінің оқушылары республикалық «Ұлы дала сазы» байқауына қатысып, Сайлаубаев Сержан жүлделі ІІ орынға ие болса, Алпысбаев Бауыржан «Арнайы жүлдемен» марапатталды. Жетекшісі: Булекбаева Күндей Имамадинқызы. Жарайсыңдар!!! Өнерлерің өрге жүзсін!

                                             

«Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім» бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған аудандық «Екі жұлдыз» музыкалық байқауға Бестамақ орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Етенбаева Алтынгүл және 10 «Ә» сынып оқушысы Жарманова Ботагөз қатысып, «Ең сүйкімді жұп» номинациясына ие болды. Құттықтаймыз!

                                    

Бестамақ орта мектебінің кәсіподақ төрайымы А.О.Искакованың бастауымен және жас ұстаздар мектеп ұжымына 1 наурыз алғыс айту күніне арналған «Шын жүректен мың алғыс» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Жас ұстаздар мектеп ұжымына деген алғысын осы керемет концерт арқылы жеткізді. Ұстаздарымызға арналған «Алғыс аллеясы» ұйымдастырылды.


                                 

Мектебіміздегі «Мемлекеттік тіл — мәртебелі тіл» апталығы аясында 7 «Ә» сынып оқушыларымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. Есілов Нұрлыбек көшбасшы атанды. Құттықтаймыз! Өткізген: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Анафияева Гульсара Кайбуллаевна.

                             

Бестамақ орта мектебінің еріктілер тобы 1 наурыз Алғыс айту күніне орай ауылымыздың жалғыс басты әжелеріне және де кішкентай Жансаяға көңіл білдіріп, сыйлық сыйлап, құттықтап қайтты. Әжелеріміз бата беріп, алғыстарын білдірді.

                             

Бестамақ орта мектебі жетекші мектебінде «Lesson study: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кәсіби даму мен педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тиімді жолы» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді. Оған аудан мектептерінің көшбасшыларымен бірге аудандық білім бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрайымы Р.Қ.Берғазина мен Ақтөбе қаласы филиалы педагогикалық шеберлік орталығының тренері Ф.Ж. Избасарова қатысып, семинар-практикум барысында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы зерттеу сабақтарын жүргізу турасында таныстырылымдар көрсетіліп, іс-тәжірибелерімен алмасты.


                        

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Саналы азамат» бағытын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «Біздің қолымыздан бәрі де келеді» атты ІІ облыстық бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер фестивалі байқауына Бестамақ орта мектебінің оқушылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды:

Ахметова Дания жүлделі І орын, жетекшісі Фазылова А.Т.

Сарсембаева Жансая ІІІ орын, жетекшілері Сеитова Г.Ж. және Булекбаева К.И.

Абросимов Виктор ІІІ орын, жетекшісі Жолдыбаев М.

Ахметов Даниал мадақтама, жетекшісі Жолдыбаев М.

Құттықтаймыз!

                                        

Аудандық «Роботтың үздік моделі» тақырыбында ғылыми зерттеушілік байқау ұйымдастырылды. Бұл байқауға мектебіміздің 7 класс оқушылары қатысып, жүлделі ІІ орынға Абдрахман Парасат, ал ІІІ орынға Таймағамбетова Нұргүл ие болды. Құтты болсын!

                           

Бестамақ орта мектебінде 5-7 сынып аралығында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Астана қаласының 20 жылдығы аясында «Көңілді тапқырлар алаңы» ойыны өтті.

І орын «Міх» командасы 5 «Ә» сыныбы,

ІІ орын «Kazakh creative people» командасы 5 «А» сыныбы,

ІІІ орын «The best» командасы 7 «Ә» сыныбы иеленді.

                 

Ақтөбе облысының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Зияткерлік бастама-ХХІ» атты зияткерлік-шығармашылық марафонына Бестамақ орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары белсене қатысып, сертификаттармен марапатталды. «Шығармашыл мұғалім» байқауында Қуатбай Жансая жүлделі І орын, «Жаңа оқулық-жаңа сабақ» байқауында Нұртаза Мөлдір жүлделі І орынға ие болды.

                                                   


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиадаға Бестамақ орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысып, жүлделі орындарға ие болды:

ШОРТ-ТРЕК

І орын-Есилова Назира

І орын-Сулейменова Эльвира

ІІ орын-Нұртаза Мөлдір

ІІ орын-Жолдыбаев Марат

ІІІ орын-Карабалин Бақытжан

БИАТЛОН

ІІ орын-Жолдыбаев Марат

ІІ орын-Карабалин Бақытжан

ШАҢҒЫ

ІІ орын-Балмагамбетова Гаухар

ІІ орын-Жолдыбаев Марат

ІІІ орын-Карабалин Бақытжан.

Құттықтаймыз!!!


                                             

Ақпан айының 19-28 аралығында Бестамақ орта мектебінде «Мемлекеттік тіл-мәртебелі тіл» айдарымен қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігі өтуде. Аптаның екінші күнінде оқушылар арасында жерлес ақын Ізтай Мәмбетовтың туылған күніне орай «Туған жердің тарланы» атты әдеби кеш өтті. Кешті ұйымдастырған пән мұғалімдері А.Ақылбекова мен А.Альмуханова және мектептегі драма үйірме жетекшісі Г.Кәрім.

                                                               

Мектебіміздің жас маманы Лұқбанов Абай Қайратұлы 10-11 класс оқушыларымен «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды географиялық сайыс өткізді.

                                                        

Елбасының «Рухани жаңғыру» жобасы және Астана қаласының 20 жылдығына орай Бестамақ орта мектебінде бастауыш сынып оқушылары аясында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Аталмыш шараға жалпы 3 команда бақтарын сынап, ойын қорытындысы бойынша:

1 орын-Қыран тобы

2 орын-Әнші тобы

3 орын-Сұңқар тобының командалары иеленді. Шара ұйымдастырушысы мектеп тәлімгері Куптлеуова А.Б.

                                           

Елбасының «Рухани жаңғыру» жобасы және Астана қаласының 20 жылдығына орай Бестамақ орта мектебінде жоғары сынып оқушылары аясында «Салт-дәстүр-асыл қазынам» сайысы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты жастарды салт дәстүрді құрметтеуге үйрету. Аталмыш шарада жалпы 2 команда бақтарын сынап, ойын қорытындысы бойынша

1 орынды «Атамұра ата-салт»

2 орынды «Той думан» командалары иеленді. Шара ұйымдастырушысы мектеп тәлімгері Куптлеуова А.Б.

                                         


                                   

Латын әліпбиінің нұсқасына өзгеріс енгізілді. Қазақстан Республикасының       Президентінің Жарлығы: «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2017 жылғы 26 қазанындағы 569 жарлығына өзгеріс енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2017 жылғы 26 қазанындағы 569 жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымша сәйкес осы редакцияда жазылсын.

2. Осы жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.НАЗАРБАЕВ

Президент Казахстана внес изменения в указ «О переводе алфавита казахского языка с кириллицы на латинскую графику» (САПП Республики Казахстан, 2017 года 50-51-52, ст.326) следующее изменение: алфавит казахского языка, основанный на латинской графике, утвержденный названным Указом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему Указу.

2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его опубликования.

Президент Республики Казахстана Н.Назарбаев

                      

                                        

«Өзін-өзі тану» Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндік аясында 5-7 класс оқушыларымен «Ізгілікке бастар жол» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді.

                                           

Алға аудандық ІІБ экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі полиция лейтенанты Әлиасқарұлы Балаби мектеп қызметкерлеріне объектінің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша профилактикалық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

                                       

  8 ақпан күні Алға аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушыларына «Қара жол» фильмі көрсетілді. Мақсаты: балаларды өзге де жат діни ағымдардан сақтандыру.

                                            

Облыс көлемінде өтіп жатқан «Әке беделі — ұлт абыройы» форумы аясында Бестамақ орта мектебінде «Әкеммен өткізген қызықты сәттерім» тақырыбында фотосуреттер байқауы өтті. Барлығы 80-ге жуық баланың фотосуреттері қабылданды. Барлық қатысушыларымызға алғысымыз шексіз!

                                    

Бестамақ орта мектебінде «Жүрегім толы мейірім» атты қамқорлық акциясының концерті өтті. Қайырымдылық пен адамгершілікті биік ұстап, балалардан жылы лебізін аямай, қолдан келген көмегін ұсынып, достық пейілдерін білдіре келген көрермендеріміз риза болып тарады.

                                              

28 қаңтар күні Алға қаласының мұз айдынында аудандық жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден өткен турнир жеңімпаздары марапатталды. Марапаттау рәсіміне облыс әкімі Б. Сапарбаевтың өзі қатысып, жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Соның ішінде Бестамақ орта мектебінің командасы облыс әкімінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталып, 10 дана хоккей таяғын (клюшка) ұтып алды. Команда құрамында болған Мадиев Бақберген, Мади Ғани, Тәкенов Байәділ, Мадиев Ғалым, Төлеуғазы Ерғазы, Қайырбек Бекзат, Шамбилов Санат оқушыларымызды құттықтаймыз!!! Жетекшісі: Истегулов Болат.

                                                       

Мектебіміздің мақтанышы, кішкентай биші қызымыз Жасмира Орал қаласынан жеңіспен оралды!!! Құттықтаймыз!!!

                                       

Мектебімізден түлеп ұшқан түлектерімізге арналған „Жарқын жастық-баянды болашақ„ атты студенттермен кездесу кеші өтті.

                                      

5 «Ә» класс оқушыларына «Мейірім төгетін ана» тақырыбында «өзін-өзі тану» пән мұғалімдері мен мектеп кітапханашылары бірлесе Сара Алпысқызының өмір баянымен «Бөбек» қоры туралы көрме ұйымдастырды.

                      

Мектебіміздің психологтары «Шынайы өмір — виртуалды әлемнен жақсы» тақырыбында әлеуметтік желілердегі үгіт-насихаттың теріс ықпалынан қорғау мақсатында пікіралмасу өткізді. Оқушыларға тақырып аясында кеңестер мен ескертулер берілді.

                                       

Бестамақ орта мектебіне „Алға аудандық ішкі саясат бөлімі"   ММ-нің „Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы Сейіт Рауан Аманбайұлы келіп, арнайы түрде еріктілер қатарына мектеп оқушылары мен жас ұстаздарды қосып, еріктілер билетін ұсынды.

                        

Отбасындағы бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру және отбасы беріктігін нығайту мақсатында «Әке беделі-ұлт абыройы» атты облыстық форум аясында Бестамақ орта мектебінде «ЕҢ ҮЗДІК ӘКЕ» байқауы өтті. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды, қатысушы әкелер өздерінің білімдерін, жан-жақтылықтарын жоғары деңгейде көрсете білді. Сонымен қатар спортта және ас үйдегі шеберліктеріне куә болдық.

                          

«Өзін-өзі тану» махаббат пен шығармашылық педагогикасының онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Тақырыбы: «Жылы жүрек-жақсы тілек». Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері мектебіміздің оқушылары мен ұстаздарына жылы сөздер мен тілектер таратып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушыларға онкүндік аясында жүргізілетін жұмыстар таныстырылды.



                 

                                                       Хабарландыру!

               «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде «Бестамақ орта мектебі» КММ-сінде Қамқоршылық кеңестің қайта құрылатындығын және оның құрамын сайлау бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарлаймыз.   


                   

Саха қаласында ,,Спорт есірткіге қарсы" тақырыбында бокстан турнир өткізілді. Жоғары дəреже көрсетіп, Бестамақ орта мектебінің 8 ,,Ə" сынып оқушысы Алиев Жалғас жүлделі І орынға ие болды. Еліміздің мақтанышы бол!


     Тама Есет Көкіұлының 350 жылдық мерейтойына орай        Бестамақ орта мектебінде ел мақтанышы, халықтың             қаҺарман батыры Есет Көкіұлы атындағы оқу кабинетінің    ашылуы болды.


«Ел намысы - ер намысы» - дейді данышпан халқымыз. Мына кең - байтақ жерімізді, асқар биік тауларымызды сыртқы жаулардан қорғап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырып кеткен ер бабаларымыз қанша - ма? Ұлтымыздың бірлігі мен мәңгілігін нығайту жолында жандарын пида еткен ерлердің есімдері ұрпақтар жадынан берік орын алып, әлі күнге дейін мақтаныш сезіммен қайталануда. Солардың бірі - елімізге тиген жаумен арыстанша алысқан әйгілі Есет Көкіұлы батыр. Биыл сол бабамыздың туғанына 350 жылдық мерейтойы тойлануда. Соған орай мектебіміздің оқушыларының шығарған өлеңдері.

Қазақ үшін жанын берген,

Аянбаған ерлеген.

Есет батыр Көкіұлы...

Жерді жауға бермеген.

Қазағым деп алаулаған,

Жолбарыстай қайратты.

Еш қиыннан қорықпаған,

Есет батыр айбатты.

                                                          Серік Жаңылсын 6 класс оқушысы

                             Есет батыр

Төккен қанын, ел үшін жанын берген,

Қорғау үшін найза ұстап, садақ керген.

Халқының ұлағатты батырына,

Ауылым тойын жасап, асын берген.

Есет батыр Көкіұлы қайсар ерім,

Ардақтауда бұл күні сені елің.

350 жыл тойың тойлануда,

Қастерлі ғой естен кетпес,

Ел үшін төккен терің.

                                                            Қазтұрған Перизат 10 класс оқушысы



                                                                                                                                       

   «Алға аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бестамақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымы орнына іріктеу үшін өткізілген конкурстық комиссия отырысының 18.08.2017 жылғы №3 хаттамасының шешімі негізінде Бестамақ орта мектебі директоры қызметіне Ахмет Дастан Иванұлы 2017 жылдың 23 тамызынан бастап мектеп директоры қызметіне тағайындалды.








Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен облысымызда жүзеге асырылып жатқан «Туған жерге тағзым» акциясына қатысу-әр азаматтың парызы. Акцияның мақсаты-түлектердің түлеп ұшқан мектептерінің көркеюіне, гүлденуіне үлес қосу. Аталған акция шарасы барысында  Алға ауданы Бестамақ орта мектебін бітірген түлектер білім алып, қияға ұшырған мектеп ұстаздарына құрмет көрсетіп, шынайы алғыс сезімдерін білдірді.

          Бестамақ орта мектебі Алға ауданындағы ауылдық мектептер ішіндегі ең үлкен мектеп. Биылғы соңғы қоңырау мерекелік шарасына мектебімізді 1977 жылы ( 40 жыл бұрын) бітірген түлектер жиналып, мектеп ауласына (180мың теңге көлемінде) алма ағаштары талдарын отырғызса,1997 жылы бітірген ( 20 жыл бұрынғы) түлектер мектеп дәлізіне мемлекеттік рәміздерді орнатып берді. Мектеп бітіргендеріне 10 жыл, 5 жыл болған  түлектер де мектеп ауласын абаттандыруға қатысты.

Осындай игілікті шара аясында мектебіміздің материалдық базасы толығып,  түлектер «Туған жерге тағзым» акциясында  мектептің жаңаруына өз үлестерін қосты.

 

9 - мамыр Ұлы Жеңіс күні мен 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған құттықтаулар.

Құрметті тыл еңбеккерлері,ардагер ұстаздарымыз!


Сіздерді ұлы мереке - Жеңіс Күнімен құттықтаймын!  9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады. Жыл сайын мәңгілік алауы жанына Отан қорғаушыларын, батырларды еске алып, гүл шоқтарымен рахметін айта келгендер жиналады. Біздер де сіздерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіре, денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін.

                            Ізгі тілекпен Ж.М.Шабаров


Қымбатты  ер азаматтар!

   Сіздерді Отан қорғаушылар күні — жалпыхалықтық мерекемен, жігерлі адамдар және ерік күші иелері күнімен құттықтаймын!

Бұл күні біз Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қорғаушылар мен өз еліне шексіз берілгендер де сондай ілтипатқа ие.

Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз,  Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Отан қорғаушылар күні өзінің бастапқы кәсіби белгіленімінен әлдеқашан биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.

Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!

                            Ізгі тілекпен Ж.М.Шабаров


Алға аудандық білім бөлімінің мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындауды өткізу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының 27.02.2017 жылғы №3 хаттамасының негізінде «Бестамақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне Шабаров Жомарт Мырзабекұлы 2017 жылдың 1 наурызынан бастап мектеп директоры болып тағайындалды.

                                                           
 

«Жарқын болашақ» ІХ Республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінен «Сөз шеберлері» бағыты бойынша 11 класс оқушысы Сагадинова Ырысты жүлделі 1 орынды иеленді. Жетекшісі Ақылбекова Асел. Жеңістеріңіз құтты болсын. Алдағы белестерге сәттілік тілейміз.

                     

17 ақпанда ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Оразалиева Забира Жандаровна және Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бегимбетов Руслан Галымжанович Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауын насихаттау барысында Бестамақ орта мектебінде жұмыстық іссапары кезінде халықпен кездесу ұйымдастырды

   

Бестамақ орта мектебінің директоры Даулеталин Канат Сагингалиевич 2016 жылдың 28 желтоқсанынан бастап Бестамақ селолық округі әкімінің қызметіне тағайындалды. Алдағы жұмысына табыстар мен жетістіктер тілейміз!

   

  Аппақ шашын күн сайын құландаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзінді ел сыйлаған.


       Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген кіші буынға ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялататын, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің орны ерекше. Мектебіміздің ардагер ұстаздарына « Жаңа жыл! Жаңа күн!» атты мерекелік шеруден көріністер.

     

Егдирова Нұрсауле – бастауыш класс мұғалімі    

Утегенова Несібели - бастауыш класс мұғалімі

Кураева Людмила Петровна – бастауыш класс мұғалімі

        

Фазылова Батима Қуатовна – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Козболова Нағи - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кривозубова Валентина Алексеевна – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

       

Бижанова Сара – физика пәнінің мұғалімі

Шамуратова Ыкылас Муратовна - математика пәнінің мұғалімі  

Елманова Рахима - математика пәнінің мұғалімі

       

Шарикешова Дина Михайловна – география пәнінің мұғалімі   

Шарикешов Владимир – технология пәнінің мұғалімі

Сұлтанова Үміт Жангалиевна – математика пәнінің мұғалімі

Муканов Іләл Муканович – бейнелеу пәнінің мұғалімі

    

Кусымов Касен Куптлеуович – технология пәнінің мұғалімі

Габдуллина Күләш– технология пәнінің мұғалімі

Дильжанова Сания – мектептің кіші қызметкері

Сарина Гүлзәраш – мектептің вахтері

   

Жылыстаған жылдармен жылжып есен-сау жүре берейік! Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа жыл құтты болсын. Жылымыз ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың жылы болғай! Аяулы арманымыз орындалып, жүректер жылудан айырылмасын!

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған құттықтаулар

Саламатсыздар ма, қадірменді, Отандастар, жерлестер!

         Біз, Қазақ Елі, санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз Мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. «Егер егемендік тұсында елдігі бекем, тұғыры биік жұрт болсақ, оған сіздердің де қосқан үлестеріңіз қомақты деп білемін» деген болатын Елбасы.

         Алға ауданының Бестамақ орта мектебінің де тәуелсіздік жылдарында ертеңгі ел тізгінін ұстайтын бүгінгі бүлдіршін-жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде жеткен жетістіктері аз емес.

         Бүгінгі күні мектебімізде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 25 игі іс-шара жоспарланып, жүзеге асырылуда.

         Құрметті жерлестер! Сіздерді Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ орта мектебі ұжымы атынан Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Жарқын болашаққа «Мәңгілік Ел» идеясына қол жеткізуде Елбасы бастаған «Нұрлы жолда» жас та болса жасампаз еліміз толағай табыстар мен биік белестерге жете беруіне тілектеспін!!!

         Тәуелсіз Еліміз жасай берсін! Мәңгілік Еліміздің ұлы тағдырын айқындаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

                                      
                                                                                     Игі тілекпен Бестамақ орта  мектебінің директоры Даулеталин Канат Сағынғалиұлы

          Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан мереке күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ.

         Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

         Осынау мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын! Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілеймін!

                                   Игі тілекпен Бестамақ орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Анар Ғасырқызы Истегулова
 


                       Құрметті әріптестер, ауылдастар!

     Биыл қазақ елінің тәуелсіздігіне 25 жыл. 25 жылда біздің ел барша әлемге танымал мемлекет болып қалыптасты. Қазақстан әлемге өзін дербес мемлекет ретінде танытып, кейбір әлемдегі мәселелерде басшылық ете алатын болды.

Тәуелсіздігіміз бізге не берді дегенге келсек, ол еңбектен қорықпайтын адамға жұмыс істеуге мүмкіншілік берді, білім алам деген адамға, биікке жол ашты.

   Ана тіліміз- қазақ тілі биік тұғырға қонды. Тәуелсіздік алғаннан кейін тіліміз заң жүзінде елдегі басты тілге — мемлекеттік тілге айналды.

           Қазіргі таңда мектебіміздегі 608 оқушының 90% қазақ тілінде оқиды.

   25 жылда ауылдағы оқушылар   саны артты. Егер 1991 жылы оқушылар саны мектепте 400-ге жуық болса, 2016-2017 жылы 1-11-класс аралығында 600 оқушы, даярлық топтарға 82 бала, шағын орталыққа 35 бала есепке алынды.

Тәуелсіздік алған тұста мектебімідегі қазақ оқушылар саны 40% ғана болатын. Ал бүгінде бұл көрсеткіш 90% дейін көтерілді. 2016 жылы тамыз айында 600 оқушының 560 қазақ ұлтты оқушылар. Оқушылардың саны өсуімен, білім сапасы да осуі байқалады. Егер 25 жыл бұрын оқушылардың білім сапасы 40% ға жуық болса, қазіргі таңда 52%.

Жақсы білім беру арқылы біз мектептің абыройын көтере аламыз, сондықтан біз, педагог ұжымы,    әрбір оқушыға сапалы білім беру жолдарын үнемі іздену үстіндеміз. Болашағымыз жарқын болуы үшін, барлықтарыңызға денсаулық, отбастарыңызға аманшылық, жұмыста ынтамақтастық, әрқайсыңызға жүректе иман, ақыл-білім, күш-қайрат тілеймін.

Әрбір мектептегі оқушының жүрегінде болашақта Отаным үшін пайдалы азамат болуым керек деген сезімді ұялата берейік!

                                                                              Тілек білдіруші мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нурмагамбетова Избике Надировна


Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын!

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,


Мықты болсын елімнің керегесі.


Тату-тәтті халқымызға бақ қонып,


Кетпесін туған жердің берекесі.

                            Тілек білдіруші мектеп директорының оқу-әдістемелік ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Сатыбалдина Эльвира Абилкаировна



 

     
             О школе                 Школьная жизнь
        "Ұстазыңды ұлықта!" акциясы аясында құттықтаулар

Қымбатты Бестамақ орта мектебінің Ұстаздары!

Сіздерді Ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.Сіздерге зор денсаулық тілей отырып,сіздердің жас ұрпақ үшін өлшеусіз еңбектеріңіздің қадірін бағалап,алғыс айтқым келеді. Ұстаздың алдынан ғалым да , дана да шығады. Асқақ арманым, болашаққа бағытым қалыптасып,үлкен өмірге жолдама берген,Ұстаздарыма, алтын ұя мектебіме,шексіз ризамын. Бүгінде азаматтық көзқарасым қалыптасып,мамандығымды дұрыс таңдап,жоғарғы білім алудамын. Осы жетістіктерге жетуіме жол ашқан Ұстаздарымды бүгінгі мерекелерімен шын жүректен құттықтаушы өздеріңіздің шәкірттеріңіз Бестамақ орта мектебінің 2015 жылғы түлегі – Аязби Қанатұлы Сағынғалиев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің II курс студенті.                           

 

 Өзімнің ұстазым музыка пәні мұғалімі Булекбаева Кундей Имамадинқызына мереке күніне тілегім

Ұстаз деген- жарқы күні ғаламның,

Ұстаз деген- анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,   

Сен де одан адам болып жаралдың.

 Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

 
         Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

          Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

          Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

          Ол өзіңнің орындалған арманың.

          Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

          Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

          Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,

          Қасиеті бас иерлік мәңгілік!

Осы өлең шумақтарын арнай келе сізге тағы да тілерім:

                 Құтты болсын мұғалімдер мерекесі!

                    Ұстаздарым бүкіл елдің берекесі.

                    Ұстаздардан білім алған шәкірттері

                 Болып жатыр міне бүгін ел серкесі!

Ізгі ниетпен сіздің шәкіртіңіз қазіргі таңда

Қ.Жұбанов атындағы университетінің

студенті Утепова Улмекен

Құрметті  Ғайный апай!


Апай мен сізді қатты жақсы көремін. Сіз мені өзіңіздің ақ көңіл мінезінізбен және қарапайым көңілінізбен өзіңізге тарта білдіңіз. Әр дайым оқушыларға жанашырлық танытып, тәрбиелеп келесіз.

Ұстаз болу-  жүректің батырлығы

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы

Ұстаз болу- мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы

Сізге тілерім отбасыңызға амандық, мол бақыт, зор денсаулық, қажымас қайрат, көп табыс.

Игі тілекпен: 9 «Ә» класс оқушысы

Исабекова Гулшат


Құрметті класс жетекшіміз Женисгул Маратқызы!

Женисгул Маратқызы сізді 5 –қазан «Ұстаздар» күні құтты болсын. Сізге зор денсаулық тілеймін. Әрқашан жадырап, күндей шуағыңызды төгіп жүре беріңіз.  Сіз бізге білім нәрін төгіп, білгеніңізді үйреткеніңізге рахмет. Бізге дұрыс жол нұсқап, жақсы мен жамандықты айыруды уйреттіңіз. Біздің сізге деген алғысымыз шексіз. Сіз біздің екінші анамыздай болып кеттіңіз.

Тағы да, сізді мейрамыңызбен құттықтаймыз!

Жамандықтан бізді жиреткен.

Жақсылыққа әркез уйреткен.

Алғыс айтамыз біз сыныппен,

Женисгул апайға шың жүректен.

Тілек білдірушілер: 9 «А» класс оқушылары.


Ұстаз- ұлағатты ұғым

Ұстаз- ұлағатты ұғым.

Ұстаз...Қандай қасиетті сөз!Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.Адам баласының жүрегінде қадір тұтып,құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді.Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

Тұла бойың тұнған сабыр,кешірім,

                                                                                            Айқара аштың бізге білім есігін,

    Өр тұлғаңды балап шыңға,Ұстазым,

Мен өзіңе тәнті болсам несі мін?!- дегендей әрбір оқушының  ұқсағысы келетін бір сүйікті тұлғасы  болады.Сол кісінің ғибратты да парасатты сөздерін санасына сіңіріп, істеген істерінен тағылым алуға тырысады.

Менің  бойымдағы кішкене  талантымды байқап, шығармашылыққа  баулып , тіл көркемдігін шебер таныта білген, қазақтың алып тұлғаларының шығармаларын жаттатып, түрлі байқаулар мен жарыстарға қатысуымаүлкен үлес  қосқан ұстазым Ақылбекова Асел Қабиболлақызының еңбегі зор. Ұстазымның тынымсыз еңбегінің арқасында Семей қаласында өткен республикалық «XIV Абай, Шәкәрім оқуларында» облысымыздың, мектебіміздің атынан қатысып,  өз бағымды сынаған болатынмын. «Ұлылардың рухани мұрасы» атты республикалық кездесуде «Абай,Мұқағали,Махамбет » оқуларынан Щучинск қаласында өткен жарыста бас жүлде алуымның, «Жарқын болашақ» VІI республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысып, «Сөз шеберлері» бағыты жеңімпаз атануымның тағы бір көрінісі - ұстазымның талап қоя біліп,мақсатқа жеткізе білудегі қажырлы еңбегі деп білемін.

Шәкірттің асуларды бағындыруы-ұстаздың беделі. Мектебіміздегі беделді ұстаздардың бірі Асел Қабиболлақызын ұстаздар күнімен құттықтай отырып, қажымас қайрат, денсаулық, ұстаздық жолына шығармашылық табыс, сәттілік тілеймін! Білім нұрымен нәр бергеніңізге,айтылған ақыл-кеңестеріңізге,өнерге баулығаныңызға шәкірттік шын жүректен мың алғыс! Өмірдің соқпақтарында басымды тік көтеріп,қиындыққа мойымай,жігерлі, талапты,білім мен біліктілікті ұштастыра білетін азаматша болып шықсам,ұстаз, ол біріншіден сіздің арқаңыз!

Сол ұстазға арналады өлеңім,

Дәріс алған-шын бақытты дер едім.

Асыл ана ұрпағымен көрікті,

Ұстазыңмен көріктісің сен,елім!

Шәкірттердің бойында жасырынған дарынды ашып,сауаттылық пен өнерді бір ағымда ұштастырып,саналуан жарыстар өткізіп жатқан «Ақтөбе- Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығына да мен секілді оқушылардың айтар алғысы мен жылы лебіздері мол.

Сагадинова Ырысты 

Бестамақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы










Новости

02.03.2020

"Мектеп асханасы"

Бестамақ орта мектебі бойынша "Мектеп асханасы" республикалық алдын-алу шарасы аясында мектебіміздің ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылауға бракеражды және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы мектеп асханасындағы ыстық тамақтың ұйымдастыру жағдайын зерттеді
24.02.2020

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Орал қаласында өткен "Ұлы дала ұрпақтары" өнер байқауына қатысып, Аманғалиқызы Назерке мен Болатбекқызы Айсулу 2-орын, Ерденұлы Нариман мен Бахуадин Малика 3-орынмен оралды
24.02.2020

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Жұлдызай" ХУ халықаралық өнер шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңінде Әлімбекұлы Әділет 3-орын, Ауданбай Ақниет 1-орынға ие болды

«Platon” Халықаралық білім дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "Білім - асыл қазына" атты Республикалық пәндік олимпиадаға Бестамақ орта мектебінің оқушылары қатысып,жақсы нәтиже көрсетті:

Қазақ тілі пәнінен

 І жүлделі орын Мақсотова Аружан,

Математика пәнінен 

ІІ орын Әкімалы Шыңғыс,жетекшілері Молдаулетова М.

Математика пәнінен 

І орын Султан Әли,жетекшісі Мусина А.

Ағылшын тілі пәнінен 

ІІІорын Торбай Ибраһим,жетекшісі Акаидарова У.

География пәнінен 

І орын Уәлиев Нұрмаxаммад ,

І орын Сапарғали Батыржан, 

І орын Саликов Абдуллаһ ,жетекшелері Утегенова Г.

Жарайсыңдар! 

Құттықтаймыз!!!

#бестамақортамектебі