Моя первая HTML-страничка на StepkinBlog.ru                                                 
Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Біздің жетістіктер

Бестамақ орта мектебі білім саласындағы жетістіктері үшін "Үздік білім беру ұйымы" деп танылып, аудан әкімінің 500 000 (бес жүз мың) теңге грантын иеленген сертификатқа ие болды.

Бестамақ орта мектебі білім саласындағы жетістіктері үшін "Үздік білім беру ұйымы" деп танылып, аудан әкімінің 500 000 (бес жүз мың) теңге грантын иеленген сертификатқа ие болды.

Бестамақ орта мектебінің 40 жылдық мерейтойымен құттықтау

Бестамақ орта мектебінің 40 жылдық мерейтойымен құттықтау

Аудандық білім бөлімінің басшысы мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымынан Ұрпақ санасына нұр құятын алтын ордамыздың 40 жылдық мерейтойымен құттықтау сөздері

"Туберкулез-қауіпті дерт" тақырыбындағы сурет сайысы

"Туберкулез-қауіпті дерт" тақырыбындағы сурет сайысы

Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында аудан мектептерінің арасында "Туберкулез-қауіпті дерт" тақырыбында ұйымдастырылған сурет сайысында ІІІ жүлделі орынды иеленген дипломға ие болды.

"Үздік мектеп командасы" номинациясы бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін

"Үздік мектеп командасы" номинациясы бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін

"Үздік мектеп командасы" номинациясымен 2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде (аудандық) жоғары нәтиже көрсетіп, І орынды иеленген Бестамақ орта мектебінің командасы мадақтама қағазымен марапатталды.

Алға аудандық "Қазақ тілі" қоғамы ұйымының төрайымы Т. Рысымбетовадан алғыс хат

Алға аудандық "Қазақ тілі" қоғамы ұйымының төрайымы Т. Рысымбетовадан алғыс хат

Қазақ ұлтының киелі ана тілінің - Тәуелсіз Ұлы Дала елінің мемлекеттік тілінің табиғи шынайы биік деңгейіне көтерілуі үшін күреске ұзақ жылдар бойы Қанат Сағынғалиұлы мен басқарып отырған ұжымның ерен еңбегі мен игі істеріне шексіз алғыс білдіру туралы Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамынан алғыс хат

"Аймақты абаттандыру ісі бойынша үздік білім беру ұйымы-2015" облыстық сырттай  байқауына қатысқаны үшін сертификат берілді.

"Аймақты абаттандыру ісі бойынша үздік білім беру ұйымы-2015" облыстық сырттай байқауына қатысқаны үшін сертификат берілді.

Алға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі  Р. Бергазинадан алғыс хат

Алға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Р. Бергазинадан алғыс хат

«Физика-математика пәндерінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту жолдары» тақырыбындағы аудандық дөңгелек үстелге белсене қатысқаны үшін Бестамақ орта мектебіне алғыс хат берілді.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Н.Абишевадан алғыс хат

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Н.Абишевадан алғыс хат

"Аймақты абаттандыру ісі бойынша үздік білім беру ұйымы-2015" тақырыбындағы облыстық байқауға қатысып, мектеп ауласын көгалдандыру, көріктендіру ісіне барлық білім алушыларды тарту арқылы жасөспірімдердің экологиялық мәдениеті мен жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтардың тәрбиелік потенциялын оңтайлы бағыттағаны үшін марапатталды.

Алға аудандық білім бөлімі атынан құрмет грамотасы

Алға аудандық білім бөлімі атынан құрмет грамотасы

Білім беру саласындағы жеткізген жетістіктермен құттықтау, шәкірттердің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында бақытты да баянды өмір сүруге ізгі ниет білдіру туралы құрмет грамотасы.

Бестамақ ауылдық округі әкімінің атынан алғыс хат

Бестамақ ауылдық округі әкімінің атынан алғыс хат

Ұлыстың ұлы күні "Наурыз" мерекесін атап өтуде белсене ат салысқанымыз үшін алғысын білдіріп, "Наурыз" мерекесімен құттықтайды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде (аудандық) мектептер арасында жалпы командалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленіп, Алға аудандық білім бөлімінің дипломымен марапатталды.

Волейболдан аудандық турнир

Волейболдан аудандық турнир

Алға ауданы жастары арасындағы волейболдан аудандық турнирде жүлделі ІІ орынға ие болған грамотамен марапатталды.

Алға аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі нің басшысы М. Тулеуовтен мадақтама

Алға аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі нің басшысы М. Тулеуовтен мадақтама

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде (аудандық) командалық есепте ІІІ орын алғаны үшін марапатталды.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінен алғыс хат

Қазақ ұлттық аграрлық университетінен алғыс хат

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректораты атынан Егемен еліміздің Тәуелсіздік күнімен және келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, университетте оқып жүрген мектеп оқушысы Абатова Жаңыл өзінің озат оқуымен, үлгілі тәртібімен және қоғамдық-саяси белсенділігімен топ жарып жүргендігі үшін Қанат Сағынғалиұлына терең ілтипат пен үлкен алғысын білдіреді.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінен алғыс хат

Қазақ ұлттық аграрлық университетінен алғыс хат

Қазақ ұлттық аграрлық университеті ұжымынан ауыл жастары арасында болашақ мамандығын таңдау мақсатында, университет тарапынан жүргізілген кәсіби бағдар жұмысына көрсеткен көмек үшін берілген алғыс хат.

Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орын

Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орын

Оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінің (аудандық) қорытындысы бойынша командааралық жүлделі І орынды иеленген мадақтама грамотасымен марапатталды.

Педагогикалық жетістіктер конкурсы

Педагогикалық жетістіктер конкурсы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткізілген педагогикалық жетістіктер конкурсында "Облыстық үздік жалпы білім беретін мектебі" деп танылып, облыс әкімінің грантын иеленген сертификат берілді.

"Чек талап ет-патриот бол" атты айлық акциясы

"Чек талап ет-патриот бол" атты айлық акциясы

Жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сынып оқушылары арасында өткізілген "Чек талап ет-патриот бол" атты айлық акциясына белсенді атсалысып қатысқаны үшін Бестамақ орта мектебі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Ақтөбе облысы бойынша салық департаментінің атынан алғыс хатқа ие болды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсеткені үшін

Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсеткені үшін

Егеменді елдің ертеңгі үміті болар саналы ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беріп, Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынға ие болған құрмет грамотасымен марапатталды.

"Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" жастар марафон-эстафетасы

"Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" жастар марафон-эстафетасы

"Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" жастар марафон эстафетасында жастарға патриоттық тәрбие берумен қатар, туған өлкені гүлдендіру мен көріктендіру мақсатында жұмыстарды жоғары дәрижеде ұйымдастыра білгені үшін "Үздік білім беру ұйымы" деп танылып, облыс әкімі тағайындаған жүлде-автокөлікті иеленді.