Моя первая HTML-страничка на StepkinBlog.ru                                                 
Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Мектептің тарихы


БІЛІМНІҢ КІЛТІ  - МЕКТЕП 

Қазіргі біздер тұрған Бестамақ ауылының іргесі 1902-1905 жылдары қаланған. Осы жылдары Орынбор-Ташкент темір жолы салынып, жол торабы осы елді мекеннен өтіп, жол құрылысы кеңейіп, жүк тасымалы артып осы кезде өңірге сауда қызметкерлері келе бастаған. 1930 жылдары ауылда алғашқы орыс-қазақ бастауыш кластары ашылған. 1939-1940 жылдары төрт жылдық бастауыш мектеп жеті жылдық мектеп болып өзгертілген. Сол жылдары мектепті Науанов басқарған.

         1941-1942 жылдарда мектепке Н.К.Крупская есімі беріліп, мектепті Сейтенов Жұмаш басқарған. 1944-1946 жылдары мектепте «Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі» Аймұқанов Есмұхан директор болған. Жеті жылдық мектеп Бестамақ ауылында 1954 жылға дейін жұмыс істеген.

         1954-1955 оқу жылында жеті жылдық мектеп «Қазақстанның ХХ жылдығы» атындағы колхоз орталығының көшірілуіне байланысты Бесқоспаға ауыстырылған. Бестамақта төрт жылдық бастауыш мектеп қалған. 1964-1965 оқу жылында жеті жылдық мектеп сегіз жылдық болып өзгертіліп, Бестамаққа қайта көшірілген. Бұл кезде Бестамақ Алға астық совхозының орталығы болып ашылған. Осы кезде мектепті Утесинов Домбай Дәрментайұлы басқарған. Оқу ісінің меңгерушісі Майтанов Керей Жұбаниязұлы болған. Мектеп жанынан интернат ашылған.

Бүгінгі тарихтың құбылмалы заман өтіндегі көрінісіне айналып, өшпес із қалдырған ардақты да, ардагер ұстаздарымыз қаншама!

               1965-1976 жылдары Бестамақ ауылындағы мектеп үйі қазіргі Магистральный көшесіндегі Алға қаласына баратын аялдаманың жанында болған.

Мектеп бір қабатты, екі жағында алты-алтыдан 12 класс бөлмесі бар, ортасында ұзын дәлізі бар. Пешпен жылытылатын. Мектептің батыс жағында бөлек пионер бөлмесі, темір жолға қарай спорт алаңы болған.

      1975 жылы мектеп 10 жылдық болып кеңейтілген. 1976 жылы қаңтар айында жаңа мектеп үйі пайдалануға берілді.

1976 жылы жаңа мектеп ашылғанда мектеп директоры болып Темиркулов Әділхан Жолмырзаұлы тағайындалған. 1976 жылы жаңа мектепті алғашқы түлектері бітірген.


1976-2006 жылдардың арасында ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан мұғалімдер:

·        Утесинов Домбай Дарментайұлы;

·        Омарова Шұға Омарқызы;

·        Аймұқанов Есмұхан, Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі;

·        Майтанов Керей Жұбаниязұлы, Еңбек ардагері;

·        Жылгелдин Зашит Жиенғалиұлы, Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі;

·        Темиркулов Әділхан Жолмырзаұлы, Қазақ ССР және СССР халық ағарту ісінің үздігі;

·        Ақболатова Тыныс Ақболатқызы, Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі», «Мұғалім-әдіскер», Н.К.Крупская атындағы сыйлықтың лауреаты, Қ.Айтқалиев атындағы республикалық авторлық мектептің мүшесі. Республикалық қазақ тілі қоғамының І құрылтайының делегаты. Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, 2-рет.

·        Қонысбаева Ұлжан Танабергенқызы, Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі;

·        Кураева Людмила Петровна, Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі;

·        Қартмағамбетов Аманғазы Жұмағазыұлы;

·        Шарикешов Владимир Александрович;

·        Шарикешова Дина Михайловна, «Мұғалім-әдіскер» белгісінің иегері;

·        Айекешов Жакен Айекешұлы, Қазақ ССР білім беру ісінің үздігі;

·        Козболова Нағи, «Аға оқытушы» белгісінің иегері;

·        Гречишкина Елена Павловна;

·        Уразова Ұмыттық;

·        Тайланова Гүлзада;

·        Сакиев Бекзада;

·        Бижанова Сара;

·        Габдоллина Күләш;

·        Ерназарова Нағима.

2006 -2016 жылдар аралығында зейнеткерлікке шыққан ұстаздар:

    1. Мұқанов Іләл Мұқанұлы- бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
    2. Сұлтанова Үміт Жанғалиевна -математика пәнінің мұғалімі
    3. Қаражанова Рая - география пәнінің мұғалімі
    4. Кривозубова Валентина Алексеевна - орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі
    5. Егдирова Нурсауле - бастауыш сынып мұғалімі
    6. Фазылова Батима Қуатовна - орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
    7. Өтегенова Несібелі Қабиқызы - бастауыш сынып мұғалімі
    8. Сатбалдина Гульзира Бектургановна - бастауыш сынып мұғалімі мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
     9. Кусымов Касен Коптлеуович - технология пәнінің мұғалімі
    10. Гильманова Раиса Кенжегалиевна - математика пәнінің мұғалімі
    11. Ганиев Михаил Музафарович - дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
    12. Нурмагамбетова Избике Надировна - орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің  мұғалімі

                                       

                                                                                                           

                                                Даулеталин Канат Сагингалиевич

         Мектепке 2009 жылы мектеп директоры болып, Даулеталин Канат Сағынғалиұлының келуімен оқу-тәрбие үрдісіне оң өзгерістер еніп, соның ішінде ұлттық бірыңғай тест нәтижесі бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жетті. Соңғы үш жылда мектеп түлектері Ұлттық Бірыңғай Тест нәтижесінде            2013 жылы – 73,1, 2014 жылы – 83,7, 2015 жылы – 95,5 орташа балл, 2016 жылы-101 балл  көрсеткіш көрсетті. Түлектеріміздің арасында жүзден жоғары балл жинап, мемлекеттік жоғары оқу орындары грантының иегерлері жыл санап артып келеді. Бұл нәтижеге жету жолында мектептің пән мұғалімдері өздерінің білімі мен тәжірибесін, жоғары әдістемелік шеберліктерін көрсетіп тынбай еңбек етіп жүр. Осының нәтижесінде соңғы бес жылда қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, биология, география, ағылшын тілі, химия пәндерінің мұғалімдері білім сапасында жүз пайыздық көрсеткіштер көрсетіп келеді.

         Мектебіміз бірнеше жыл қатарынан жалпы білім беретін ғылыми-пәндік олимпиаданың республикалық екінші кезеңінде ауданда жүлделі орындар алып, аудандық білім бөлімінің кубогін иеленді. Ұжымдағы барлық шәкірттермен ұстаздардың сан-салалы еңбектерінің нәтижесінде мектебіміз 2011 жылы «Облыстың үздік жалпы білім беретін мектебі» деп танылып облыс әкімінің грантын иеленді. 2011 жылы ұйымдастырылған «Біз еліміздің болашағымыз» облыстық жастар форумында «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон эстафетасында «Үздік білім беру ұйымы» деп танылып облыс әкімі тағайындаған жүлде авто көлікті иеленді. 2016 жылы Білім саласындағы жетістіктері үшін "Үздік білім беру ұйымы" деп танылып, аудан әкімінің 500 000 (бес жүз мың) теңге грантын иеленген сертификаты берілді.

2013 жылы қыркүйек айында Ақтөбе облысының білім беру жүйесін қарауға келген Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрі Аслан Саринжипов біздің мектебімізде болып, мектеп басшылығымен ұстаздардың сан-салалы еңбегінің нәтижесіне оң баға берді. Осы аталған істерді жоғарғы дәрежеде ұйымдастырып, мектептің кемелденіп, ілгерлеуіне Қанат Сағынғалиұлының басшылығы тұсында қол жетті.

Мектеп басшысының ең негізгі ұстанымы- оқушыны мұғалім мен бірдей танып, оның интеллектуалды танымдық қабілеті мен іс-әрекетін дамытуды, нәтижеге бағытталған білім беруді басты назарда ұстауы. Аталған нәтижеге жетудің ең бастысы мектепті басқарудағы рухани қарым-қатынас, мектептің әрбір мұғалімінің озық - істері мен еңбегін бағалай білудегі мектеп директорының ұйымдастырушылық қабілеті.