Моя первая HTML-страничка на StepkinBlog.ru                                                 
Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Alga

АЛҒА АУДАНЫ

Аудан әкімі – Алдияров Нағымжан Смағұлұлы

Алға ауданы 1933 жылы құрылған. Ауданның әкімшілік   орталығы - Алға қаласы 1912 жылы № 44 разъезд болып құрылып, 1933 жылдан бастап ауданның экономикалық және әкімшілік орталығына айналды. Ол облыс орталығы Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 45 шақырым қашықтықта орналасқан. 1961 жылға дейін аудан орталығы жұмысшы поселкесі болды, 1961 жылы қала статусын алды.

Ауданның аумағы 7507 шаршы км немесе 750,7 мың га. Аудан құрғақ, ыстық далалық аумақта орналасқан.Тұрақсыз егін шаруашылығы мен дамыған ауылшаруашылығы ерекшелігімен сипатталады. Ауданның ауыл шаруашылығына арналған жері 540,3 мың га., бұл ауданның барлық жерінің 72,0 % құрайды. Алға ауданы Ақтөбе облысы аумағының 2,5% алып жатыр.

Халқының саны 40,2 мың адам (облыс халқының 4,7%), оның ішінде экономикалық белсенді халық – 18,7 мың адам. Халықтың ұлттық құрылымы: қазақтар – 31,7 мың адам (78,6%), орыстар – 3,6 мың адам (9,1%), басқа ұлт өкілдері – 4,9 адам (12,3%).

Ауданның орталығы – Алға қаласы. Алға ауданы арқылы «Ақтөбе-Астрахань» темір жолы және автожолы өтіп жатыр. Ауданның селолық округтерінің орталықтары бір-бірімен асфальтталған жолдармен байланысқан.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша аудан 1 қалалық және 12 селолық округтан құралады. Олар Алға қаласы мен Ақай, Бесқоспа, Бестамақ, Қарабұлақ, Қарағаш, Қарақобда, Қарақұдық, Маржанбұлақ, Сарықобда, Тамды, Тоқмансай, Үшқұдық селолық округтері.

Ауданның 21 елді мекені Ақтөбе агломерациясының құрамына енгізілді, олардың ішінде 1 шағын қала (Алға қаласы) мен тіректі елді мекен (Маржанбұлақ ауылы) бар.

Табиғи-климаттық жағдайы

Орналасқан жердің рельефі – негізінен көтеріңкі жазықтық (биіктігі -200-300 м). Биіктіктер: Ақбұлақ, Қарамен, Керуентау, Ақшоқы, Қайқы, Есет, Бесоба, Қаратөбе, Бестөбе, Нартау, Тасшоқы. Көл: Саркөл.

Пайдалы қазбалары: тас көмір, фосфорит, құрылыс материалдары.

Аймақтың климаты қатал континентальды болып келеді, қыс салқын -16-20, жаз +27+28, жылдық жауын-шашын мөлшері - 200-250 мм.

Аудан аумағында оңтүстіктен солтүстікке қарай Елек өзені ағып жатыр, Үлкен Қобда – Сарықобда, Қарақобда ағыстары, өзен ағыстары бар. Топырағы негізінен қара, қызыл қоңыр, қошқыл, қара-қошқыл. Кең көлемде жусан, ақселеу –түрлі шөптері өседі.

Аудан әкімдігі

Орталық мешіт

«Шипагер» шипажайы

Аудандық мәдениет үйі

Есет батыр атындағы спорт кешені

Тама Есет батыр Көкіұлы ескерткіші

Тама Есет Көкіұлының кесенесі

«Ана мен бала» саябағы

Шағын саябақ, Бүркіт мүсіні