Моя первая HTML-страничка на StepkinBlog.ru                                                 
Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Алға қаласы

Алға ауданы Алға қалалық округі

Ауылдық округ әкімінің толық аты-жөні: Сұрбаев Нұрбол Исенкелдиевич

телефон нөмірі: 8- (71 337) -4-15-39

Аудан орталығы - Алға қаласы.

Аумағы - 6603 (га)

Халық саны –20288 (адам).

Облыс орталығынан арақашықтығы - 45 км.

Аудан орталығы – Алға қаласы республикалық маңызы бар облыстық орталық автокөлік жолдарымен және теміржол магистралі арқылы байланысады.

Қаладағы мал саны:

- Ірі қара мал 1780 бас;

- Жылқы – 69 бас;

- Қой мен ешкі – 1761 бас;

- Шошқа – 36 бас;

- Құстар – 3142 бас.

Қызмет көрсету нысандары.

       Қала аумағындағы кәсіпорындар: «Ақбұлақ» АҚ, «СНПС АқтөбеМунайГаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Бэст Пирит» ЖШС, қопарғыш заттар шығаратын «КазЦКУБ Нитрохим» ЖШС, экотон өнімін өндіруге арналған шикізат дайындайтын - «Неохим» ЖШС, «Энергосистема» ЖШС, «Алға –жылу» КМК және ЖШС «Алға-Тазалық» қала халқына, кәсіпорындар мен мекемелерге коммуналдық қызмет көрсетеді. Спирт өнімін шығаратын «АкРоссПищепром» ЖШС, ірі қара малдарын бордақылаумен айналысатын «Актеп»ЖШС, ет өнімін өндіретін «Актюбинский мясной кластер» ЖШС, нан-бөлке тағамдарын шығаратын «Камел» цехы, жеке кәсіпкер «Джармухамбетова» кондитер цехы, 2 ағаш өңдеу цехы және 2 пластикалық терезе дайындайтын цех жұмыс жасайды.

Денсаулық сақтау нысандары

Тұрғындарды тәулік бойы қабылдайтын 70 орындық және күндіз қабылдайтын 62 орындық керуетпен қамтылған және ауысымына 500 адам қабылдай алатын аудандық орталық аурухана тұрғындарға үздіксіз медициналық қызмет көрсетеді.

Білім нысандары – Алға қаласында 5 орта мектеп, 1 мектеп бақша, 5 балабақша, және индустриалдық-техникалық колледж жұмыс жасауда.

Барлығы компьютерлендірілген, интернет желісімен қамтамасыз етілген.

Мектеп оқушыларының саны – 3576оқушы, мектепке дейінгі мекемелердегі бала саны – 1854.

Мәдениет

Қалада аудандық мәдениет Үйі, музей, орталық кітапхана және балалар кітапханасы бар.

Спорт

Алға қаласында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және Есет батыр атындағы спорттық кешен, орталық стадион халыққа қызмет етеді.