Моя первая HTML-страничка на StepkinBlog.ru                                                 
Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.

Бестамақ орта мектебінің қамқоршылық кеңесі туралы















 





























ПРЕСС-РЕЛИЗ №1. Бестамақ орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің №1отырысы болып өтті. /students/diary/хаттама 5.docx

/students/diary/2018қамқоршылық кеңес жоспар.docx

Бестамақ орта мектебіндегі қамқоршылық кеңесінің мүшелері алғашқы отырысында ҚР БжҒ министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығын басшылыққа ала отырып, қамқоршылық кеңестің төрағасы мен хатшысын сайлап, кеңес жұмыстарымен танысып, алдағы жұмыстарын жоспарлады.  Ең алғашқы қозғалған мәселе оқушылардың білім сапасын жақсарту, тәртібі мен тәрбиесіне қатысты жұмыстар жүргізу. Мектептегі күн-көрісі төмен және көпбалалы, қамқоршылық тәрбиедегі оқушыларға көмек көрсету жолдарын қарастырды. 


ПРЕСС-РЕЛИЗ №2. Бестамақ орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің №2 отырысы болып өтті.
Бестамақ орта мектебінде 2018 жылдың 10.01-10.02 аралығында өткізілген Республикалық «Қамқорлық» акциясы кезінде ауылдағы мемлекеттік мекеме, кәсіпкерлер, мектеп ұжымының демеушілігі арқасында жиналған 167000 теңге көлеміндегі қаражатқа мектептегі күн көрісі төмен, көпбалалы отбасы балаларына қажетті киімдер сатып алу кезінде мектептің қамқоршылық кеңесі мүшелері тікелей ат салысты.



Облыс бойынша өткізілген «Әке беделі-ұлт абыройы» форумы Бестамақ орта мектебінде де өз жалғасын тауып, мектептің қамқоршылық кеңес мүшелерінің демеушілігімен өткізілді.


ПРЕСС-РЕЛИЗ №3. Бестамақ орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің қатысуымен ата-аналар жиналысы болып өтті.
Бестамақ орта мектебінде мектеп формасының талапқа сай сақталуы мақсатында қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, ата-аналармен кездесіп , түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының құқық бұзушылықтарын болдырмау, бос уақыттарын тиімді пайдалану туралы ақыл-кеңестерін айтты.


ПРЕСС-РЕЛИЗ №4. Бестамақ орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің №3 отырысы болып өтті. 

2018-2019 оқу жылының қыркүйек айының соңында кеңес отырысы өтті. Отырысқа мектеп әкімшілігі және кеңес мүшелері қатысты. Отырыс барысында өткен жылда атқарылған жұмытар туралы және қаражаттың қайда жұмсалғандығы туралы есеп айтылды. Мектебіміздегі «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарлама туралы қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен мектеп басшысы А.Истегулова, директордың орынбасарлары таныстырып, оқушының құзыреттілігін арттыру үшін білім сапасын күшейтуіміз керек екендігі туралы кезекті қамқоршылық кенесінің отырысында баяндама оқып, түсіндірді. Сонымен қатар биылғы оқу жылына Қамқоршылық кеңесінің жоспарын талқылынып, ішіне өзгерістер енгізілді.

ПРЕСС-РЕЛИЗ №5. Бестамақ орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің №4 отырысы болып өтті.  

Бестамақ орта мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жыл сайынғы жалпы Республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдасқан түрде өткізілді. Қамқоршылық кеңесі төмендегі көрсетілген көмектің дұрыс ұйымдастырылуына бақылау жасады.

Бестамақ ауылдық округінің әкімі Қ. Даулеталиннің  ұйымдастыруымен, ауылымызда орналасқан ЖШС «Парижская коммуна ХХІ век» қожайыны Г. Тертерян мектептің 20 оқушысына жалпы құны 195000  теңге тұратын мектеп сөмкесімен қоса оқу құралдарын табыстады. Сонымен бірге, қайырымдылық айында облыстық «Шаңырақ» қоғамдық қоры 120000 теңге көлемінде 8 оқушыға мектеп  сөмкесімен оқу құралдарын тарту етті.  Мектебімізде де акцияға ат салысып, аз қамтылған отбасы балаларына ұстаздар тарапынан 34000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Ауылымыздың тұрғыны Ж. Тлеубаева демеушілігімен 5 оқушыға оқу құралдары табысталды. Мектебіміздегіүйден оқитын мүмкіндігі шектеулі 2 оқушыға 6000 теңге көлемінде жұмсақ ойыншықтар табысталды.

Қамқоршылық кеңесін құру туралы бұйрық

Қамқоршылық кеңестің құрамы